18.08.2008, 18:20 3054

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға жылдың аяғына дейін қосымша 500 млн теңге бөлу межеленген

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға жылдың аяғына дейін қосымша 500 млн теңге бөлу межеленген

Петропавловск. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бұған дейін бөлінген 1,5 млрд теңгеге қоса жылдың аяғына дейін қосымша 500 млн теңге бөлу межеленген, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екінші деңгейлі банктерге кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруге 500 млн теңге бюджет қаржысы бөлінді. "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі "Даму" қоры" АҚ кәсіпкерлік жобаларын тең қаржыландыруға атсалысуда", -деп хабарлайды әкімдік.

"Кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қарау жөніндегі комиссия екінші деңгейлі банктерге 2 млрд 282 млн теңгенің 132 инвестициялық жобасын жолдады. Соның ішінде құны 99 млрд теңгені құрайтын 6 жобаға несие бөлінді", - деп нақтылайды баспасөз қызметі.

Барлық инвестициялық жобалар Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамытудың басымдық берілген бағыттарына сай келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны