04.09.2017, 11:52 4780

Солтүстiк Қазақстан облысында кооперативтердi құруға 1,7 млрд. теӊге бөлініп, оныӊ 1,5 млрд. теӊгесi игерiлдi

29 тамызда облыстық мәслихат депутаттары алдында СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ қатысуымен жыл сайынғы 2017 жылдыӊ бiрiншi жартыжылдығы бойынша әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы есебi өттi.

Петропавловск. 29 тамыз. Kazakhstan Today - 29 тамызда облыстық мәслихат депутаттары алдында СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ қатысуымен жыл сайынғы 2017 жылдыӊ бiрiншi жартыжылдығы бойынша әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы есебi өттi. Сессия жұмысына СҚО әкiмi, қоғамдық кеӊес мүшелерi қатысты.

Кездесу барысында Құмар Ақсақалов өӊiрдiӊ әлеуметтiк-экономикалық, ауыл шаруашылығыныӊ, мал шаруашылығы мен әлеуметтiк саладағы даму қарқыны туралы айтты.Үстiмiздегi жылы өӊiрдiӊ әлеуметтiк-экономикалық даму қарқыны сақталған. Жыл соӊына дейiн жалпы өӊiрлiк өнiмнiӊ көлемi 2 пайызға артады деп күтiлуде.

Өӊiр басшысыныӊ айтуынша, облыстыӊ спецификасы-ауыл шаруашылығы. Бүгiнде ауылды мекендерде солтүстiкқазақстандықтардыӊ 56 пайызы тұрады.

"Осылайша, олардыӊ тағдырлары ауыл шаруашылығына байланысты. Сондықтан Президенттiӊ жолдауында белгiлiенгендей агроөнеркәсiп кешенiн экономиканыӊ жаӊа драйверге айналуы мен ауыл шаруашылығын тиiмдi ету",-дедi Құмар Ақсақалов.

Астық өсiрудiӊ нәтижелi факторы-жердiӊ құнарлылығын артыруға арналған жұмысты тұрақты түрде жүргiзу, минералдық тыӊайтқыштарды пайдалану. Үстiмiздегi жылы 94000 тонна минералды тыӊайтқыш жеткiзiп беруге келiсiмшарт жасалды, ол өткен жылғыдан екi есе көп. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер негiзгi жалгерлер болып табылады",-дедi Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi.

Құмар Ақсақаловтыӊ сөзiне қарағанда, облыста жердi пайдалануда тиiмдiлiк пен жауапкершiлiктi арттыруға арналған жұмыс белсендi жүргiзiлуде. Мысалы, егiстiк алқаптарын әртараптандыру өз нәтижесiн беруде.

Өӊiр басшысы мал шаруашылығы саласыныӊ белсендi дамып келе жатқандығы жайлы да ақпарат бердi. Осы сала жеке қосалқы шаруашылықтарда өндiрiлген өнiммен жыл бойы тұрғындардыӊ 80%-н етпен, 70%-н сүтпен қамтамасыз етуде.

"129 мыӊ жеке қосалқы шаруашылықтыӊ 77 мыӊы ғана мал мен құс ұстайды, яғни 60%-ы ғана. Бiз ауылдықтардыӊ пайдалылығын арттыру үшiн, мемлекет әзiрлеген тетiктi пайдаланбақшымыз. Биыл 20 кооператив ашуды жоспарлап отырмыз. Аталмыш кооперативтердi құру Мемлекет басшысыныӊ шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi тапсырысына сәйкес жүргiзiлуде, оған тиiстi қаражат бөлiнген. Бiздiӊ өӊiрге -1,7 млрд. теӊге. Оныӊ 1,5 млрд. теӊгесi игерiлдi",-дедi Құмар Ақсақалов.

Өӊiр басшысы облыс орталығында салынып жатқан "Жас Өркен" шағынауданы жайлы да сөз қозғады. Ол үшiн 500-ден астам ескi үйлер мен нысандар бұзылып, олардыӊ орнына заманауи 2500 жаӊа пәтер бой түзейтiн болады. 300 орындық концерт залы, 150 орындық мәжiлiс залы, конференция залдары, IТ-технологиясы орталығы құрылатын төртқабатты Оқушылар сарайы салынатын болады. 4 корты жабық, 3 корты ашық әмбебап теннис орталығыныӊ құрылысы басталды. Заманауи биiк үйлер осы жерге көрiк беретiн болады.

Сондай-ақ, кездесуде Ғ. Мүсiрепов ауданыныӊ №14 сайлау округы атынан облыс депутаты Есжан Оразалин сөз сөйледi.

Оныӊ айтуы бойынша үстiмiздегi жылы Мамлют ауданында "Становое-Новомихайловка-Минкесер-Раздольное", Айыртау ауданыныӊ "Еленовка-Арыкбалык-Чистополье-Есиль", "Арыкбалык-Саумалколь, Есiл ауданыныӊ "Покровка-Ильинка-Мектеп" облыстық маӊызы бар жолдары күрделi жөндеуден өтiп жатыр. Сонымен қатар, облыстық маӊызы бар Борки-Долматово автокөлiк жолыныӊ ағымдағы жөндеуi жүргiзiлiп жатыр.

"2017 жылы бюджеттiк кредиттеу аясында Айыртау ауданыныӊ Саумалкөл ауылында жылу желiлерiнiӊ құрылысы бойынша 4 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобаны жүзеге асыру аясында аурухана, поликлиника, "Родничок" балабақшасын, 15 көпқабатты тұрғын үйлердi жылумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi",-дедi облыстық мәслихат депутаты.

Сондай-ақ, жиында Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ тарихи-мәдениет мұрасы жайында Тимирязев ауданы атынан облыстық мәслихат депутаты Айман Асанова хабарлады.

Жалпы үстiмiздегi жылы агроқұрылымдар инвестициялық жобалар бойынша 9 млрд теӊгеге субсидия алды, олардыӊ 1,8 млрд. теӊгесi облыстық бюджеттен бөлiнген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны