25.06.2018, 21:42 4055

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік инвесторлар жемқорлықтан 100% қорғалады

Ұлттық бюро Департаментініӊ басшысы сыбайлас жемқорлық көріністеріне табысты қарсы тұру экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылықты арттыру, бәсекелестікті дамыту және "көлеӊкелі" экономиканы төмендетудіӊ негізгі факторларыныӊ бірі болып табылады. Өйткені, соӊғы 3 жылда ғана облыстыӊ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін 17 фактіге жол бермеді.

Петропавловск. 25 маусым. Kazakhstan Today - А.ж. 18 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында "Protecting Business and Investments" жобалық офисі ашылды.

Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО департаменті басшысыныӊ м.а.Жанат Жұмабаев,Ұлттық Бюро департаментініӊ басшысы - Нығмеджан Сапаров және "ҚАЗАҚ INVEST" АҚ өкілі - Мұратбек Жабағин, инвесторларды тарту және Солтүстік Қазақстан облысыныӊ инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеӊес мүшелері, басқа да мемлекеттік органдардыӊ басшылары, бизнес - құрылымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жобаныӊ кеӊсесі ел экономикасына инвестиция салу процесін жеӊілдету, сондай-ақ бюрократиялық рәсімдер мен сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмау мақсатында ашылды. - Жанат Жұмабаев ұсынды.

Агенттік мүдделі инвесторларға Қазақстан Республикасыныӊ аумағында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы 100% қорғауды қамтамасыз ететіні іс-шара барысында белгілі болды. Мақсатқа жету инвестордыӊ кәсіпкерлік қызметі шеӊберінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін барлықүдерістерді сүймелдеуді қолдай отыра күтіледі. Кеӊсеніӊ ашылуы мемлекет басшысыныӊ шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 31-ші отырысында жарияланған тапсырмаларын орындау аясында ұйымдастырылды.

Ұлттық бюро Департаментініӊ басшысы сыбайлас жемқорлық көріністеріне табысты қарсы тұру экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылықты арттыру, бәсекелестікті дамыту және "көлеӊкелі" экономиканы төмендетудіӊ негізгі факторларыныӊ бірі болып табылады. Өйткені, соӊғы 3 жылда ғана облыстыӊ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін 17 фактіге жол бермеді. Сонымен қатар, ол республикада жемқорлық көріністерге тап болған барлық адамдарға хабарласа алатын 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органныӊ бірыӊғай байланыс орталығын атап өтті.

Мұратбек Жабағин аймақта агроөнеркәсіп кешені, тамақ өнеркәсібі, тау-кен металлургиялық кешені, машина жасау және гностикалық қызметтер секторында шетелдік инвесторлардыӊ қатысуымен 6 жоба жүзеге асыруда деп хабарлады.

Іс-шараға шетелдік инвесторлар да қатысты. Атап айтқанда, Қытайдан Tielin Logistics Co компаниясы "Protecting Business and Investments" жаӊа жобалық кеӊсесінде бірінші болып кеӊес алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны