18.04.2017, 20:20 5202

Солтүстiк Қазақстан облысында тоқтап тұрған бiрнеше кәсiпорын iске қосылады

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарында болды.

Петропавловск. 18 сәуір. Kazakhstan Today - СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарында болды.

Өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ бiрiншi болған нысаны - "Bio operations" ЖШС, яғни бұрынғы "Биохим" зауыты. Бiрегей кәсiпорын 2005 жылы құрылған болатын, содан бiрнеше жылдан берi тоқтап тұрды. Қазiр онда қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Ол "Bio operations" компаниясыныӊ инвестициясын тарту есебiнен мүмкiн болып отыр. Қайта жарақтандыру өткен жылдыӊ желтоқсан айында басталды. Қорытындысында зауыт жаӊғыртылды, ендi жыл соӊына дейiн оныӊ крахмал мен ақуыз шығаратын бiрiншi желiсiн iске қосу жоспарлануда. Кәсiпорын 2018 жылы толық қуатында iске қосылады. Сол кезде зауытта 220 жаӊа жұмыс орны ашылатын болады.

"Зауыттыӊ технологиялық желiлерiне, инфрақұрылымына тексеру жүргiзiлдi. Содан кейiн жөндеу жұмыстары басталды. 2017 жылдыӊ екiншi жартыжылдығында крахмал мен ақуыз шығаратын өндiрiстi iске қосу жоспарлануда. 2018 жылы - биоэтонол өндiрiсiн. Толық қуатында жұмыс iстеген кезде қайта өӊдеу қуаттылығы - тәулiгiне 660 тоннаны құрайтын болады. Сәйкес түрде крахмал, ақуыз, мал шаруашылығына арналған жемазық және биоэтанол дайын өнiм күйiнде шығарылады. Зауытымызда диiрмен цехы, элеватор шаруашылығы, толықтыру қоймалары бар",- дейдi компанияныӊ бас директоры Жандос Есенбай.

Өӊiр басшысы өндiрiстiк ғимараттарды аралап, бiрегей зауыт iске қосылу үшiн барлық шаралар қолданылып жатқанын атап айтты.

"Жыл соӊына дейiн өндiрiс орныныӊ iске қосылуы үшiн бiртiндеп жұмыс iстеуге зауыт басшыларымен келiстiк. Бiз үшiн ол өте маӊызды, өйткенi астықты тереӊдетiп өӊдеу - ауыл шаруашылығы жылжуға тиiс бағыт. Бүгiнгi күнi, өкiнiшке қарай, өнiм шығарғанымызбен, тереӊдетiп өӊдеумен айналыса алмай келемiз. Бұл өндiрiс орнына зор үмiт артылып отыр. Ол - жұмыс орындары, салық, бард түрiндегi қосымша өнiмдер. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама бар. Сол бағдарлама бойынша қосымша қаражат бөлiнедi. Бiздiӊ басты мақсатымыз - бөлiнген қаражатты дұрыс пайдалану, жақсы өнiм алу және оны жақсы бағамен сату",- дедi өӊiр басшысы.

Сол сияқты Құмар Iргебайұлы осы зауытпен бiрге ауданда жұмыс iстемей тұрған кәсiпорындар iске қосмылуға тиiс екендiгiн атап айтты.

"Осы бiрегей жобаны iске асыруға арналған құрылысқа қомақты қаржы жұмсалды. Орта Азияда теӊдесi жоқ ет комбинаты да тоқтап тұр. Бiздiӊ қазiргi мiндетiмiз - осы компанияныӊ басшыларымен бiрге Қазақстан даму банкiмен жұмыс iстеп, осы жобалар iске қосылу үшiн тағы бiр Жол картасын жасауымыз керек. Бұл- бiз айналысатын бағыт болмақ", - дедi облыс әкiмi.

Ирi қарай Тайынша ауданыныӊ әкiмi Ержан Иманслям өӊiр басшысына әлеуметтiк-эконеомикалық даму туралы айтып бердi.

"Бизнестiӊ жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша сомасы 424,5 млн. теӊгенiӊ 33 жобасы жүзеге асырылып, 207 жұмыс орны ашылды. 19 заемшыға жалпы сомасы 50,8 млн. теӊгенiӊ кредитi берiлдi", - дедi аудан әкiмi.

Жергiлiктi қайта өӊдеушiлердiӊ өнiмдерiмен танысқаннан кейiн, Құмар Ақсақалов ауданныӊ аграршыларымен көктемгi науқанға әзiрлiк мәселесiн талқылады.

Биыл аудан дәндi және дәндiбұршақты дақылдарға 350 мыӊ гектар алқап бөлiп отыр. Майлы дақылдар 150 мыӊ гектардай жердi алады, ол өткен жылғыдан 50 мыӊ гектарға көп. Сонымен бiрге 67 мыӊ гектар парға қалдырылады.

Обюлыс әкiмi Құмар Ақсақалов дәндi және майлы дақылдар егiп қана қоймай, оларды өӊдеу қажеттiгiн тағы да еске салды.

"Бiз аудандарды аралай жүрiп, мiндеттi түрде ұқсату цехтарына соғамыз, өйткенi бiз үшiн өӊдеу кәсiпорындары маӊызды. Өсiрудi үйренгенiмiзбен, бiрақ аз ұқсатып жатырмыз. Мал шаруашылығы - бетке алатын бiздiӊ бағытымыз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономиканы дамытудыӊ драйверлерiнiӊ бiрi ауыл шаруашылығы екенiн айтқанын бәрiмiз бiлемiз. Ауыл шаруашылығын дамыту үшiн мемлекеттiк бағдарламалар қабылданды. Оған қомақты қаржы бөлiнуде. Сiздер оны көрiп, сезiнiп отырсыздар. Ауыл шаруашылығын қолдау бойынша қосымша қаражаттар мен тетiктер құрылуда. Сондықтан оларды жақсы пайдалану керек", - дедi өӊiр басшысы.

Содан кейiн Құмар Ақсақалов "КөкшеТехСтрой" ЖШС-ге соқты. Зауыт 2012 жылы iске қосылыпты. Ол су құбырларына арналған полиэтилен құбырлар шығарады. Өткен жылы жылу желiлерiне арналған құбыр шығаратын жаӊа цех пайдалануға берiлiптi.

Өӊiр басшысыныӊ Тайынша ауданына жұмыс сапары ардагерлермен және жұртшылықпен кездесумен аяқталды.

Құмар Ақсақалов Ақжар ауданыныӊ Ленинград ауылдық округiнде "Бекет" фермерлiк шаруашылығы базасында 600 малға арналып салынып жатқан заманауи тауарлы сүт фермасыныӊ құрылысымен танысты. Нысан "Бизнестiӊ жол картасы-2020" бағдарламасы аясында салынып жатыр. Онда бiр ауысымда 8 тонна сүт өӊдейтiн цех та болады.

"Өткен жылы симментал тұқымды 300 мал сатып алдық. Қазiр 1 мыӊнан астам iрi қара бар, олардан бұзау да алып жатырмыз. Осыдан 7 шақырым жерде бөлiмшемiз бар, онда 5 қора орналасқан, малдарды әзiрше сонда ұстаймыз. Қазiр 80 адам еӊбек етедi. Жаӊа фермада әрлеу жұмыстарын аяқтадық, бәрi де сапалы. Алдын ала көрiп, ферманы, мал төлдету бөдiмшесiн қалай жасақтау керектiгiн басқалармен кеӊестiк. Олар жаӊа жобаны жүзеге асыруға көмектестi", - дейдi "Бекет" ФШ жетекшiсi Марат Шәпенов.

Өз кезегiнде облыс әкiмi мемлекет пен жергiлiктi билiк алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдай беретiндiгiн атап айтты.

Осы жерде өӊiр басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен кездлестi. Аграршылар себу науқанына барлығы дайын екендiгiн айтып, болашқ жоспарларымен бөлiстi. Мысалы, "Каппес" ЖК басшысы Вилли Каппес Горьковское ауылында құрамажем өндiрiсiн жолға қойғысы, ауылдық өндiрiстiк кооператив құрғысы келетiндiгiн алға тартты.

"Мал шаруашылығымен айналысқандықтан, бiзге құрамажем керек. Барлық аудандарды аралай жүрiп, құрамажемнiӊ қажеттiгiн байқаудамын. Сiздерге алыс аудандардан келмесе де, жақындағылар алатындығы белгiлi Ет пен сүт сияқты жақсы өнiм алу үшiн, құрамажем қажет. Бiз еӊбек, ет пен сүт өнiмдiлiгiн арттыру үшiн тиiмдi өндiрiспен айналысуымыз керек. Ир сауын сиырдан 7 мыӊ литрден сүт саууға қол жеткiзе аламыз",- деп, бастамаға қолдау көрсеттi өӊiр басшысы.

АӨК-мен танысу аудан орталығындағы "Талшық Астық-Агро" ЖШС-да жалғасты.

Компанияныӊ егiстiк алқабы 40 мыӊ гектарды құрайды, оныӊ 35,9 мыӊ гектары - дәндi, 4 мыӊдайы - майлы дақылдар. Кәсiпорын заманауи техникалармен жарақтанған.

Жұмыс сапары барысында Құмар Ақсақалов Ақжар ауданыныӊ еӊбек ардагерлерiмен, құрметтi азаматтармен және Қоғамдыӊ кеӊестiӊ мүшелерiмен кездестi.

Уәлиханов ауданында өӊiр басшысы алдымен "Северная Нива" ЖШС-ға соқты. 2016 жылы кәсiпорынныӊ бiрiншi кезегi iске қосылыпты. Ол - дәндi және майлы дақылдарды қабылдау, кептiру, сақтау және арту

"Алдағы жылы элеватордыӊ сыйымдылығын 60 мыӊ тоннаға дейiн жеткiзудi жоспарлап отырмыз. Пайдалануға берiлген алғашқы жылы ойлаған ойымыздыӊ орындалғанына көзiмiз жеттi. Биыл 31 мыӊ тоннадай астық қабылдадық. Оларға жұмыстыӊ барлық түрiн көрсеттiк, шаруа қожалықтарына да қолғабыс еттiк және қомақты келiсiмдер жүзеге асырылды. Қазiр элеватордыӊ аумағында күнбағыстыӊ тұқымы артылған вагондар тұр. Бiз бiр мыӊ тоннадай астық артып, түсiремiз, - дейдi ЖШС директоры Сергей Гусельников.

"Биыл облыста майлы дақылдар 712 мыӊ гектар алқапқа егiледi. Оған сұраныс көп. Нарық өз ережесiн ұсынады. Элеваторлар жеткiлiктi болғанымен, технология, қызмет көрсету мәдениетi жағынан олардыӊ жағдайлары әртүрлi болады. Сiздердiӊ инвестицияларыӊыз ақталады деп ойлаймын. Майлы дақылдарды да бiр жерде сақтап, ұқсату керек", - дедi облыс әкiмi.

Одан кейiн өӊiр басшысы ауданныӊ агроқұрылым басшыларымен кездесу барысында көктемгi-дала жұмыстарына әзiрлiк мәселесiн талқылады.

Жұмыс сапары кезiнде "Жолдасбай Агро" ФШ қызметiмен танысты. Шаруашылық ауданныӊ мал фермалары мен қосалқы шаруашылықтарына асыл тұқымды мал сатумен айналысады. 2016 жылы фермерлер 250 асыл тұқымды мал сатып, 75 малды етке өткiзiптi.

"Биыл егiстiк алқапты көбейтiп отырмыз. Көктемгi науқанға әзiрмiз. Жас бұқаларды Тайынша және Ақжар аудандарына өткiземiз. Жыл сайын сатамыз. Биыл "ҚазАгро"-дан 104 млн. теӊге алдық. Бiзде барлығы 120 адам еӊбек етедi, оныӊ 20-сы - мал шаруашылығында",- дейдi ФШ жетекшiсi Сүйiндiк Жолдасбаев.

"Таза салмағы - 280 килограмм. Оныӊ 1 килограмы 1300 теӊгеден өткiзiледi. Осыныӊ өзi мал шаруашылығы пайдалы кәсiп екенiн көрсетедi. Бiр мыӊ бас малды күтiп-баптау үшiн 20 адам қажет. Қаншама адам жұмыс орнын тапқанын көрiп отырмыз, олар салық төлейдi. Ауылда басқа қандай жұмыс түрiн ұсына аламыз. Осындай пайдалы iстi. Бiз ауыл шаруашылығын дамытуымыз керек, өйткенi ол -бiздiӊ дәстүрлi кәсiбiмiз", - дедi өӊiр басшысы.

Құмар Ақсақалов жұмыс сапарыныӊ соӊында Уәлиханов ауданыныӊ жұршылығымен кездестi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны