12.07.2011, 18:00 3113

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа элеватор іске қосылды

Элеватор сыйымдылығы әр түрлі 7 мұнарадан тұрады. Оларды қажет жағдайда басқа орынға көшіруге болады. Құралдар Германиядан арнайы алдырылған.

Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 60 мың тонна астыққа есептелген шағын элеватор іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Элеватор сыйымдылығы әр түрлі 7 мұнарадан тұрады. Оларды қажет жағдайда басқа орынға көшіруге болады. Құралдар Германиядан арнайы алдырылған.

Элеватор темір жол желісінің жанынан арнайы салынған. Астықты осы жерден Астанаға және көрші Ресей мемлекетіне тасымалдау жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны