29.05.2017, 13:04 2349

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмдiгiнде "2016-2020 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасын" жүзеге асырудыӊ қорытындысы қаралды

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмдiгiнде "2016-2020 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасын" жүзеге асырудыӊ қорытындысы қаралды

Петропавловск. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмдiгiнде өткен аппараттық кеӊес кадрлық тағайындаудан басталды. Өӊiр басшысыныӊ өкiмiмен Валерий Затай мемлекеттiк сәулеткерлiк құрылысты бақылау және лицензиялау басқармасыныӊ басшысы болып тағайындалды.

Содан кейiн кеӊес барысында "2016-2020 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасын" жүзеге асырудыӊ қорытындысы, сол сияқты 2016-2017 жылдардыӊ жылыту маусымыныӊ нәтижесi және алдағы жылыту маусымына энергетика, әлеуметтiк сала және тұрғын үй нысандарын даярлау мәселелерi талқыланды.

Бiрiншi мәселе бойынша экономика басқармасыныӊ басшысы Арсен Қазбеков баяндады.

Ведомство басшысыныӊ айтуынша, "2016-2020 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасыныӊ" негiзгi бағыттары өӊiрдiӊ экономикасын, әлеуметтiк салаларын дамыту, қоғамдық қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық кешендi жетiлдiру, экологиялық жағдайды сақтау және жақсарту, мемлекеттiк қызмет көрсету жүйесiн дамыту болып табылады.

"Экономика басқармасы салалық басқармалармен және департаментпен бiрге бағдарламаны жүзеге асыруға мониторинг жүргiздi. Оныӊ қорытындысы есептi кезеӊде жоспарлы индикаторларды орындаудыӊ динамикасы тұтастай алғанда қанағаттанарлық екенiн көрсеттi.

2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша, 130 мақсатты индикаторлардыӊ 91-не қол жеткiзiлген, 15-i орындалмаған. Алдын ала жасалған бағалау бойынша, бұл қанағаттанарлық жағдай деп есептеймiз. Ұлттық экономика министрлiгiнiӊ фактiлер мәлiметi бойынша алдын ала баға берiлдi. Маусым-шiлде айларында түбегейлi бағаланады", - дедi Арсен Қазбеков.

Ақпаратты тыӊдай келе, Құмар Ақсақалов бағдарламаныӊ орындалмағандарыныӊ әрқайсысына тоқталып, сапалық жоспарлауға назар аударуды, сол сияқты жоспарлы индикаиорларды жүзеге асыруды күшейтiдi және аталмыш көрсеткiш үшiн айыппұл балдары алынып тасталатындықтан, артық орындауды жоюды тапсырды.

"Жартыжылдықтыӊ қорытындысы бойынша, барлық әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердi тағы қарайтын боламыз. Ирқайсысына сәйкес түрде жеке жауапкершiлiк жүктелген. Мақсатты индикаторларға қол жеткiзу дұрыс болжам жасауға және барлық үрдiстердi басқаруға байланысты. Тиiстi сараптама жүргiзу қажет", - деп атап айтты облыс әкiмi.

Келесi мәселе бойынша ТКШ және энергетика басқармасыныӊ басшысы Идiлбек Иубәкiров баяндама жасады. Оныӊ ақпаратына қарағанда, облыстағы жылыту маусымы штаттық режимде өттi.

"Жылыту маусымы басталғанға дейiн 509 бу қазандығын және 265 шақырым жылыту желiсiн даярлау қажет. Оқу жылы басталғанша 662 бiлiм беру мекемесiн, 1 қазанға дейiн 587 денсаулық сақтау мекемесi мен 207 мәдениет, мұрағат және құжаттамалар мекемелерiн әзiр ету керек. Үстiмiздегi жылы оқушылар өмiрiне қауiпсiздiк туғызатын мектеп ғимараты iшiндегi және жертөлелердегi, яғни 7 аудандағы 60 бiлiм беру нысаныныӊ бу қазандықтарын шығаруды аяқтауға тиiспiз", - дедi басқарма басшысы.

Сол сияқты Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданныӊ көпқабатты үйлерiндегi 2 бу қазандығын және Тимирязев ауданындағы 1 бу қазандығын шығаруды аяқтау қажет. Аталмыш аудандардыӊ әкiмдiктерiмен жеке тұратын модульдi бу қазандықтарын орнату бойынша "Сапро-Нат" ЖШС инвесторымен келiсiм жүргiзiлуде.

"Бюджет ұйымдары үшiн көмiрдiӊ жалпы қажеттiлiгi 174 мыӊ тоннаны құрайды. Бюджет ұйымдарын дер кезiнде қатты отынмен қамстамасыз ету үшiн келiсiмшарт жасауға арналған жұмыс жүргiзiлдi. Жыл басынан берi тауарлы биржа арқылы бюджеттiк ұйымдарға 160,1 мыӊ тонна көмiр жеткiзiп беруге келiсiм жасалды. Көмiрмен қамтамасыз ету мамырдан қыркүйек айына дейiн жүргiзiледi. МКК-нiӊ орталық қазандықтарыныӊ қажеттiлiгi 53,7 мыӊ тоннаны құрайды, олар 1 қыркүйектен бастап әзiрлене бастайды, тұрғындарға жылыту маусымы басталғаннан аяқталғанға шейiн тасылады", - дедi Идiлбек Иубәкiров.

Сол сияқты жылыту маусымына әзiрлiк кезiнде 1197 көпқабатты үйдiӊ жылу жүйелерiне шаю және жуу жұмыстары жүргiзiледi, оныӊ 1051-i - Петропавл қаласында, 146-сы - аудандарда. Өткен жылғы сияқты ол үшiн арнайы топ құрылады және тұрғын үй нысандарын дер кезiнде және сапалы әзiрлеу үшiн жоспар жасалды.

Өӊiр басшысы жылыту маусымы басталғанға шейiн барлық қажеттi шараларды атқаруды тапсырды. Кеӊестi аяқтай келе, Құмар Ақсақалов су тасқыныныӊ салдарларын жоюға баса назар аударды.

"Барынша суды сорыӊдар. Адамдардыӊ бақшаларында әлi күнге дейiн су тұр. Маусым айы да келiп қалды. Ештеӊе еге алмай қалған адамдар байқасын. Қажеттi сорғылар сатып алынып, әкелiндi. Барынша жұмыс iстеӊдер. Исiресе Былғары зауыты және Заречный кенттерi бойынша. Қоғам "Нұр Отан" партиясымен бiрге жағдай қалпына келгенше адамдарға керегiнше қолғабыс етсiн", - дедi Құмар Ақсақалов

Сол сияқты су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы беру жағдайына да назар аударды.

"Петропавл қаласы бойынша 100 отбасы 32 миллион теӊге алды. Қазiр қала бойынша бағалау әлi жүрiп жатыр, қаражат жағынан проблема жоқ. Қызылжар ауданына да өтемақы берiле бастады. Өтемақы 14 үйге берiлдi, тұтастай алғанда қажеттiлiк шамамен 67 млн. теӊгенi құрайды. Рузаевкада да проблема жоқ. Адамдар қандай үй алғысы келсе, соны сатып алды, қазiр 8 үй сатып алынды, 2 отбасы үй сатып алудан бас тартты, оларға өтемақы берiлдi", - дедi облыс әкiмiнiӊ орынбасары Асқар Сақыпкереев.

Құмар Ақсақалов апта iшiнде барлық қажеттi шараларды атқарып, ақша берудi аяқтауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны