18.05.2017, 14:59 4436

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ өнеркәсiп саласында 70 млрд. теӊгенiӊ өнiмi шығарылды

Жеӊiл өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру киiм тiгу есебiнен екi есе өстi. Контейнерлер таситын платформалар мен арнайы автомобильдердiӊ өндiрiсi машина жасауда 3,4 есе өсiмдi қамтамасыз еттi.

Петропавловск. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнде өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен өткен аппараттық кеӊесте көктемгi әскерге шақыру науқанын өткiзу және 2017 жылдыӊ 4 айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамудыӊ қорытындысы мәселелерi қаралды.

Бiрiншi мәселе бойынша облыстық қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттiӊ бастығы Еркiнбек Байболов баяндады. Оныӊ сөзiне қарағанда көктемгi шақырудыӊ наряды 696 адамды құрайды.

"Команданы қалыптастыру алдын ала зерттеу қорытындысы бойынша әскери бөлiм өкiлдерiмен облыстық жиналу қосынында жүргiзiледi. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды азаматтар психологиялық тестiлеуден өтедi және командаларға iрiктеледi. Бүгiнге дейiн әскерге 396 адам жөнелтiлдi. Олардыӊ 127-сi -ҰҚБ-нiӊ шекара қызметiне, 253-i -Қарулы күштерге, 16-сы -мемлекеттiк күзет қызметiне", -дедi департамент бастығы.

Биылғы жылдыӊ мамыр және маусым айларында Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық гвардиясына саны 242 адамдық команданы жинақтау бойынша жұмыс жүргiзiледi. Баяндаманы тыӊдай келе, өӊiр басшысы аудандар мен Петропавл қаласыныӊ әкiмдерiне шақыру науқанын жеке бақылауларына алуды тапсырды.

Екiншi мәселе бойынша жиналғандарға СҚО статистика департаментiнiӊ басшысы Марал Нұржаупова ақпарат бердi. Жедел статистикалық мәлiмет бойынша, биылғы жылдыӊ қаӊтар-сәуiр айларында облыс республиканыӊ 16 өӊiрi iшiнде сауда мен инвестицияныӊ өсу қарқыны жөнiнен 2-орын, өнеркәсiп көлемiнiӊ өсуiнен -4-орын, тұрғын үйлердi пайдалануға беруден -5-орын алды.

"Өнеркәсiпте 70 млрд. теӊгенiӊ өнiмi шығарылды, ол республикадағы 4-орынға сәйкес келедi. Азық-түлiк тағамдарыныӊ өндiрiсi 14,3 пайызға өстi, оныӊ iшiнде нақты салмақта ұн өндiру 37,7 пайызға артты, макарон -35,6%-ға, ұзақ сақталатын кондитерлiк бұйымдар -12,8%-ға, сүт өнiмдерi -4,1%-ға. Жеӊiл өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру киiм тiгу есебiнен екi есе өстi. Контейнерлер таситын платформалар мен арнайы автомобильдердiӊ өндiрiсi машина жасауда 3,4 есе өсiмдi қамтамасыз еттi. Резина мен пластмасса бұйымдары өндiрiсiндегi өсiм құбыр, терезе және есiк жасау есебiнен 133% болды", -дедi Статистика департаментiнiӊ басшысы.

Кеӊес барысында облыс әкiмi инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейте түсу қажеттiгiн баса айтты.

"Инвестиция тартумен барлығымыз айналысуымыз қажет. Оныӊ iшiнде Қазақстан халқы Ассамблеясы да, өйткенi этномәдени бiрлестiктер өздерi өкiлi болып саналатын елдермен байланыс жасайды. Олардыӊ да инвестиция тартумен айналысқаны жөн. Бiзге жеке инвестиция көбiрек керек. Осыны барлығына -аудандарға, басқармалардыӊ орынбасарлары мен басшыларына айтамын. Шетел инвестициясын молырақ тарту қажет. Сыртқы инвестиция үлесi 5%-ды ғана құрайды, яғни ол шетел азаматтарыныӊ қатысуымен келген инвестиция. Бұл -өте аз", -деп атап айтты Құмар Ақсақалов.

Сол сияқты департаменттiӊ мәлiметiне қарағанда, үш айдыӊ қорытындысы бойынша қызметкерлерге есептелген орташа номиналды еӊбекақы 93909 теӊгенi құрады. Облыстағы орташа еӊбекақы республикалық көрсеткiштен 33% төмен болып қалыптасты. Селекторлық байланыс режимiнде өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов аудандардыӊ әкiмдерiне еӊбекке ақы төлеу көлемiн өсiру бойынша шара қолдануды тапсырды.

"Сiздерде шаруашылық субъектiлерi сияқты мол резерв бар. Бiз барлығымен келiстiк -түсiнiстiк бар. Жұмыс iстеу керек. Осы жағына ерекше көӊiл бөлудi аудандардыӊ әкiмдерiнен тағы да сұраймын. Бiздiӊ адамдардыӊ ел бойынша еӊ төмен еӊбекақы алатындығына жол беруге болмайды",- дедi облыс әкiмi.

Бұдан басқа, аппараттық кеӊес барысында көктемгi егiс науқаны мен су тасқыны жағдайына байланысты өзектi мәселелер талқыланды.

"Бiз егiске жаппай кiрiстiк. Облыстыӊ алқаптарында жұмысты жақсы жүргiзуге барлық жағдай бар, жер құрғақ. Тиiмдi уақытта және қолайлы агротехникалық мерзiмде себу науқанын аяқтауға болады деп есептеймiз. Белгiленген 4 млн. 222 мыӊ гектардыӊ 186 мыӊына -жаздық, 52 мыӊына -майлы, 121 мыӊына -дәндi дақылдар, 0,75 мыӊына -көкөнiс себiлдi", -дедi өӊiр басшысы.

Облыс әкiмi аудандардыӊ басшыларына көкөнiс өндiрiсiне көӊiл аударуды тапсырды.

"Көкөнiс бiзде оӊтүстiкпен қауымдастырылмауы керек. Көкөнiс бiзде де жақсы өседi. Бiз екi мәселеге ғана тәуелдi болуымыз керек -ерте өнетiн қызанақ пен қиярға ғана. Қалғаныныӊ бәрi бiзде жақсы шығады. Бiз елiмiздi етпен және сүтпен ғана емес, барлық ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен, оныӊ iшiнде көкөнiспен де асырауымыз керек. Сондықтан Ауыл шаруашылығы басқармасы бiздiӊ басты әлеуетiмiз -ауыл шаруашылығын жалпы дамытудыӊ тұжырымдамасын әзiрлеуi қажет. Елiмiздегi еӊ құнарлы жер бiзде, бiзде кадр да, әлеует те, экспорттық мол мүмкiндiк те бар. Механикаландыру бойынша -қандай машиналар әкелу керектiгiн ұйымдастыру керек, өнеркәсiп кәсiпорындарыныӊ әлеуетiн ескерiп, кейбiреуiн өзiмiз де шығара аламыз. Ол бiздi алға бастайтын нақты тұжырымдама болуы қажет", -дедi Құмар Ақсақалов.

Су тасқыны жағдайына байланысты, облыс әкiмi кешегi күнi су деӊгейi 15 см-ге төмендегенiн тiлге тиек еттi. Өӊiр басшысы табиғи апаттан зардап шеккен адамдарға барынша көмек ұйымдастыруды тапсырды.

"Бiз "Нұр Отан" партиясымен бiрге адамдарға көмек көрсетудi ұйымдастыру бойынша жұмыс iстеуiмiз қажет -әктеу, сырлау, материалдармен көмектесу бойынша бiрге сенбiлiктер өткiзу керек. Ешкiм де өз қайғысымен жеке қалмауға тиiс. Адамдар, жастар, барлық қоғамдық ұйымдар жағдай толық қалпына келгенше күн сайын сонда болуы қажет", -деп атап айтты облыс әкiмi.

Кеӊес соӊында өӊiр басшысы аудандардыӊ ресми интернет-ресурстарыныӊ мазмұнды толығуына назар аударды. Құмар Ақсақалов ақпарат ашық, қолжетiмдi және мөлдiр сияқты өлшемдерге сәйкес келуi тиiс екендiгiн атап айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны