01.06.2010, 15:56 3554

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында қаржылық бақылау инспекциясы 193 млн астам теңгенің заң бұзушылықтарын анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында қаржылық бақылау инспекциясы 193 млн астам теңгенің заң бұзушылықтарын анықтады

Петропавловск. 1 маусым. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында қаржылық бақылау инспекциясы 193 млн астам теңгенің заң бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қаржы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар инспекциясына сілтеме жасап.

Қаржылық бақылау инспекциясының мәліметінше, іс-шаралар жоспарына сәйкес, Тимирязев ауданында 2010 жылдың 1 ақпаны мен 1 наурызы аралығында жергілікті атқарушы билік органдарының бюджеттік және басқа да заңдардың сақталуына кешенді бақылау жүргізілді. Тексеруге аудандық бюджеттен қаржыландырылатын 22 нысан қамтылды, оның ішінде 17 мемлекеттік мекеме және 5 мемлекеттік кәсіпорын бар.

"Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы көлемі 193 млн теңгені құрады, соның ішінде қаржылық заң бұзушылықтар - 134 млн теңге, немесе жалпы беті ашылған заң бұзушылықтардың 69,5%-ы. Бюджет заңнамасын бюджетті бекіту, нақтылау және атқару сатыларында бұзу - 23 млн теңге, немесе 12%, мемлекеттік сатып аулар туралы заңнаманы бұзу - 35 млн теңге, немесе 18,5% болды", -деп хабарлайды инспекциядағылар.

Атап айтсақ, "Тимирязев аудандық білім беру бөлімі" МБ-да 88 млн астам теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзу "Құрылыс бөлімі"МБ, "Тимирязев мектеп-интернаты" МБ, "Тимирязев Мәдениет үйі" МККК -да анықталып отыр.

"Біздің мекеме тексерулер қорытындысы бойынша беті ашылған заң бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазым иелерін жауапкершілікке тарту жөнінде таныстырулар жіберілді. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың 12 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді қаржылық бақылау инспекциясы төрағасының орынбасары Ақан Сыздық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны