06.05.2008, 15:02 2755

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі өсімдік майын отандық өндірушілермен және оны сатушылармен арадағы меморандумға қол қойды

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі өсімдік майын отандық өндірушілермен және оны сатушылармен арадағы меморандумға қол қойды

Петропавловск. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі өсімдік майын отандық өндірушілермен және оны сатушылармен арадағы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 мамырда Петропавловск қаласында облыстық әкімдікте Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі, өсімдік майын отандық өндірушілер және оны сатушылармен арадағы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты - ішкі нарықты арзан бағалы өз елімізде өндірілген өсімдік майымен қамтамасыз ету және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнуінің алдын алуға саяды.

Өсімдік майын өндірушілер ( "Маслодел" ЖШС, "Петромаркет" ЖШС, сатушылар - жеке кәсіпкерлер) ішкі нарықты өсімдік майымен үздіксіз әрі толық қамтамасыз етуге міндеттеме жүктейді. Майдың бағасы 1 желтоқсанға дейін тұрақты ұсталады.

Өз кезегінде облыстық әкімшілік аталған меморандум аясында сауда желілерінде өсімдік майына белгіленген сауда үстемелеріне бақылауды қамтамасыз етеді. Он күн ішінде өсімдік майын сатып алатын және оны сататын кәсіпорындармен олардың атын атай отырып шарт жасасып, сауда-саттық шарттары мен кестесін белгілеп, сатылатын майдың көлемі мен бағасын қадағалайды.

Мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнама аясында өсімдік майының ішкі нарығын арзан импорттан қорғап, бюджеттік бағдарламалардың көмегімен отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсетеді. Екінші деңгейлі банктерге тиісті кепілдікпен қамтамасыз ете отырып, бірінші кезекте отандық өнім өндірушілерге несие бөлуге нұсқау береді.

Меморандум 2008 жылдың 5 мамыры мен 1 желтоқсаны аралығында күшке ие.

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі атынан меморандумға облыс әкімінің орынбасары Самат Ескендіров қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны