30.03.2012, 15:57 3749

Солтүстік Теңізде мұнай дағы 89 шақырымға дейін жайылып кетті

Оқиға "Тоталь" корпорациясының платформасында болған. Мұнай мен газ 4 шақырым тереңдікте шыққан. Осындай тереңдікте көгілдір отынмен қоса күкірт сутек пен көмір қышқыл газы да ілесе шығады. Бұл аса улы және тез тұтанғыш қоспалар. Ал апат болған платформадан 100 метр қашықтықта тұрған басқа бір платформада ілеспе газ жанып жатыр. Ілеспе газды мұнай өндіріс орнында жағып жіберу оны жинап өңдегенмен салыстырғанда арзанға түсетін іс.

Астана. 30-наурыз. Kazakhstan Today - Солтүстік Теңізде мұнай шығару платформаларының бірінде болған апатты оқиғадан соң мұнай дағы 89 шақырымға дейін жайылып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, бұл жер серігі арқылы алынған бақылау қортындысынан белгілі болып отыр.

Оқиға "Тоталь" корпорациясының платформасында болған. Мұнай мен газ 4 шақырым тереңдікте шыққан. Осындай тереңдікте көгілдір отынмен қоса күкірт сутек пен көмір қышқыл газы да ілесе шығады. Бұл аса улы және тез тұтанғыш қоспалар. Ал апат болған платформадан 100 метр қашықтықта тұрған басқа бір платформада ілеспе газ жанып жатыр. Ілеспе газды мұнай өндіріс орнында жағып жіберу оны жинап өңдегенмен салыстырғанда арзанға түсетін іс.

"Тоталь" компаниясының өкілдері желдердің соғу бағыты тұтанғыш газдарды жалынға жеткізбей сейілтіп жіберуде, сондықтан қауіптенер ешнәрсе жоқ деп тыныштандыруда. Мұнымен қоса, мамандар бұл апат соңғы 10 жыл ішінде платформаларда бірінші рет болып отырған төтенше оқиға екенін айтуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны