25.04.2016, 10:16 4298

Соӊғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда МИСҚ-дан төленетін әлеуметтік жәрдемақыныӊ орташа көлемі 5 еседен астам өсті

Сонымен қатар, жұмысынан айырылу жағдайына байланысты төленетін МИСҚ жәрдемақысы 7,3 есеге өсіп, 19 200 теӊгені құрады (2005 жылы 2 621 теӊге болған).

Астана. 25 сәуір. Kazakhstan Today - 2005-2015 жылдар аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МИСҚ) жұмысқа қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақыныӊ орташа көлемі 5,2 есеге өсіп, 10 761 теӊгені құрады (2005 жылы - 2 070 теӊге болған), асыраушысынан айырылу жағдайына қарай - 5,3 есеге ұлғайды (2 634 теӊгеден 14 058 теӊгеге дейін), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, жұмысынан айырылу жағдайына байланысты төленетін МИСҚ жәрдемақысы 7,3 есеге өсіп, 19 200 теӊгені құрады (2005 жылы 2 621 теӊге болған).

2008 жылдан бастап жүктілік пен босануға байланысты, жаӊа туған нәрестені (баланы) асырап алуға, 1 жасқа дейінгі баланыӊ күтіміне байланысты МИСҚ жәрдемақылары тағайындалып келеді. 7 жылдыӊ ішінде жүктілік пен босануға, жаӊа туған нәрестені (баланы) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуға төленетін жәрдемақы 1,8 есеге (167 568 теӊгеден 301 252 теӊгеге дейін) өсті, 1 жасқа дейінгі баланыӊ күтіміне байланысты кірісінен айырылуға берілетін жәрдемақы - 2,2 есеге (9 557 теӊгеден 20 729 теӊгеге дейін) ұлғайды.

Естеріӊізге сала кетейік ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2014 жылғы 17 қаӊтардағы "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап 7%-ға өсті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны