07.07.2011, 10:08 3491

Соңғы 15 жылда қазақстандықтардың номиналды жалақысы 45 есе өсті

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өскен болатын.

Алматы. 7 шілде. Kazakhstan Today - Соңғы 15 жылда қазақстандықтардың номиналды жалақысы 45 есе өсті, деп мәлімдеді С. Торайғыров атындағы Мавлодар мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Арын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстандықтардың табыстары арту үстінде. Ил-ауқаттары да жақсаруда. Егер 1994 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 700$ сәл асса, 2011 жылдың басында ол 12 есеге жуық артып, 9 мың АҚШ долларынан асып жығылды. Біз бұл деңгейге 2015 жылға қарай жетуді көздегеміз. Ал біздегі номиналды айлық жалақының көлемі 1994 жылдан бері 45 есеге өсті", - деді Е. Арын.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өскен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны