14.02.2012, 15:22 4014

Соңғы 4 айдың ішінде 4,8 млн. тонна астық экспортталған

"2011 жылдың қазаны мен 2012 жылдың қаңтар айларының арасында экспортқа 4,8 млн тонна астық (бидай есебімен ұнды қосқанда) жөнелтілді. Бұл шамамен айына 1,2 млн. тонна астық", - деп жазған АШМ басшысы.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Соңғы 4 айдың ішінде 4,8 млн. тонна астық экспортталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өзінің Twitter-дегі микроблогына жазды.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "2011 жылдың қазаны мен 2012 жылдың қаңтар айларының арасында экспортқа 4,8 млн тонна астық (бидай есебімен ұнды қосқанда) жөнелтілді. Бұл шамамен айына 1,2 млн. тонна астық", - деп жазған АШМ басшысы.

Оның атап өткеніндей, мұндай көрсеткішке қол жеткізуге елдегі вагон паркін тиімді пайдаланудың арқасында мүмкін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны