22.05.2014, 20:42 3335

Соңғы 5 жылда көлік саласының дамуына 20,3 млрд доллар жұмсалды -ККМ

"ТрансЕвразия-2014" 9-шы Халықаралық конференциясы аясында ҚР көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек еліміздің көлік саласының қазіргі жай-күйі мен даму жоспарлары жайында баяндады.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. "ТрансЕвразия-2014" 9-шы Халықаралық конференциясы аясында ҚР көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек еліміздің көлік саласының қазіргі жай-күйі мен даму жоспарлары жайында баяндады.

Конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Жеңіс Қасымбек Еуропа мен Азия даму үстіндегі рыноктары аралығында орналасқан Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің дамуының негізгі бағыты әлемдік көлік жүйесіне интеграциялану болып саналады, деп ККМ-де хабарлады.

Осымен қатар, ККМ басшысы республиканың көлік-коммуникациялық кешені кейінгі бес жыл бойы тұрақты даму үстінде екендігін атап өтті. Айталық, еліміздің Ішкі жалпы өнімінің 7,5%.көлік саласының үлесінде. Кейінгі бес жылда бұл саланың дамуына $20,3 млрд, жұмсалды, сонымен бірге халықаралық қаржы институттарынан $5,4 млрд. көлемінде займ тартылғандығы айтылды.

Есепті мерзімде барлық көлік құралдарындағы жүк айналымы және тасылған жүк көлемі 70%-ға артты, авиакөліктегі жолаушылар ағынының жыл сайынғы өсімі 11% болды. Сонымен бірге елімізде жаңадан 1700 км жаңа теміржол желілері салынды, 19 мың км автомобиль жолдары қанағаттанарлық және жақсы жағдайға келтірілді, елдегі 9 әуежайда реконструкциялау жұмыстары жасалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны