16.05.2013, 11:20 10515

Соңғы бес жылда Қазақстанда туберкулез ауруынан өлім-жітім 55,6%-ға төмендеген

Сонымен қатар, туберкулезбен күрес бойынша барлық іс-шаралар алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісіне ықпалданған.

Астана. 16-мамыр. Kazakhstan Today- Соңғы бес жылда республикада туберкулез ауруынан өлім-жітімнің 55,6%-ға төмендегені байқалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы бес жылда туберкулезбен ауру 34,9%-ға төмендеп, өлім-жітім 55,6%-ға азайды.

Сонымен қатар, туберкулезбен күрес бойынша барлық іс-шаралар алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісіне ықпалданған.

Оған қоса, аурудың алдын алу шеңберінде туберкулез диагностикасының молекулярлық-генетикалық экспресс-әдістері енгізілген.

Сонымен бірге, бүгінгі таңда ДДСҰ ұсынған аурудың алдын алудың заманауи инновациялық технологияларын қолдану арқылы туберкулезге қарсы іс-шаралар арқылы шешілетін бірқатар мәселелер бар екені атап өтілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны