26.10.2016, 12:59 3760

Соӊғы бір жарым жылдыӊ ішінде ЕҚДБ Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығына 200 млн еуро инвестиция жасады

2016 жылдыӊ 26 қазанында Астанада екінші Қазақстандық сүт конгресі өз жұмысын бастады.

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 26 қазанында Астанада екінші Қазақстандық сүт конгресі өз жұмысын бастады.

ЕҚДБ және БҰҰ құрылымы қазақстандық фермерлерге сүттен пайда табуды үйретуде. Фермерлер мен сарапшылар Қазақстанда сүт және сүт өнімдерін өндірудіӊ экономикалық тиімділігін талқылады, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Шараныӊ ұйымдастырушылары - Еуропалық қайта құру және даму банкі, Dairy Global Experts және Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымыныӊ инвестициялық орталығы (БҰҰ ФАО). Шараға шетелдік және қазақстандық сүт өнімдерін өндірушілер мен фермерлер, сала сарапшылары, ассоциациялар мен бірлестіктер өкілдері, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымыныӊ және ЕҚДБ сарапшылары қатысты.

ЕҚДБ Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман: "Бұл конгресс Қазақстандық сүт индустриясыныӊ маӊызды және көкейтесті сұрақтарын белсенді талқылайтын орын болады деп үміттенеміз. Нәтижесінде барлық қатысушылар сұрақтарына жауап тауып, бизнесті дамыту бойынша нақты қадамдарды қалыптастырады деп сенеміз".

Конгреске қатысушылар шикі сүттіӊ сапасын, сүт фермасын табысты бизнеске айналдыру, шығындарды оӊтайландыру, дамытуға қаржы табу, сүт бизнесініӊ экономикалық тиімділігін жақсарту, бәсекелестікті арттыру секілді мәселелерді өзара талқылап, сала сарапшыларымен пікір алмасты.

Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымыныӊ инвестициялық орталығыныӊ маманы Инна Пунда: "Қазақстанныӊ сүт өнімдерін өндірушілеріне сапалы шикі сүт керек және дүниежүзі бойынша жұмыс істейтін ұйым ретінде біздіӊ міндетіміз Қазақстандық сүт шаруашылығын пайдалы ететін нақты шешімдер ұсыну".

ЕҚДБ Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін 1998 жылдан бері қолдап келеді. Содан бері банк шағын және орта бизнеспен 400 аса консалтингтік жобаны іске асырды.

ЕҚДБ сүт саласыныӊ компанияларына өнім сапасын жақсартуға, шығындарды азайтуға, маркетинг пен дистрибуцияныӊ тиімді стратегияларын енгізуге, энерготиімділік қағидаларын пайдалануға және басқа да көптеген мәселелерді шешуге көмектесті.

Тағы бір атап өтетіні ЕҚДБ және ФАО 2015 жылы басталған "Қазақстанда сүттіӊ қосымша құн тізбегініӊ инклюзивтігін қолдау" жобасы аясында сүт өндірушілерімен жұмыс істеп келеді. Жоба мақсаты заманауи шешімдер ұсынып, шағын және орта сүт өндірушілерін шикі сүтті жинау үрдісіне кеӊірек тарту арқылы Қазақстандық сүт шаруашылығыныӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

"Конгрессті ұйымдастыруға қолдау көрсеткенімізге қуаныштымыз. Конгресс заманауи тәжірибемен алмасып, шикі сүттіӊ жеткізілімін және сүт өнімдерініӊ сапасын арттыру үшін оӊтайлы орын болды" - деп атап өтті Виктория Зинчук, ЕҚДБ агробизнес бөлімініӊ басшысы міндетін уақытша атқарушы.

"Қазақстанныӊ компанияларына қаржыландыру, кеӊестер және ноу-хау ұсынып, саладағы өнімділікті арттыруға және жеке секторға инвестиция көлемін арттыруға көмектесе аламыз".

Соӊғы бір жарым жылдыӊ ішінде ЕҚДБ Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығына 200 млн еуро инвестиция жасады.

ЕҚДБ шағын және орта бизнесті қаржыландыру және дамыту бағдарламасыныӊ Ақтөбе, Ақсай, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Шымкент, Өскемен қалаларында орналасқан кеӊселері ауылшаруашылық саласындағы ШОБ-ке 2001 жылдан бері қолдау көрсетіп келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны