06.12.2012, 15:47 3205

Соңғы күндері "ҚазТрансОйл" акцияларының сатылымы 5 есе өсті

"Халықтық ІРО" бойынша өтінімдерді қабылдаудың соңғы күндерінде "ҚазТрансОйл" акцияларының сатылым деңгейі 5 есе өсті.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Соңғы күндері "ҚазТрансОйл" акцияларының сатылымы 5 есе өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Халықтық ІРО" бойынша өтінімдерді қабылдаудың соңғы күндерінде "ҚазТрансОйл" акцияларының сатылым деңгейі 5 есе өсті. Бұл жөнінде "Халықтық ІРО" бойынша Астанада өткен отырыс кезінде "Самұрық Қазына" ҰИАҚ" АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.

"Жеке тұлғалардан келіп түскен өтінімдердің көлемі күн санап өскенін айта кету керек. Егер бірінші аптада күнделікті өтінімдердің көлемі 230 млн теңге болса, алдыңға аптада 1 млрд теңгені құрады, ал 4-5 желтоқсан күндері 2,3 және 5,3 млрд теңгеге дейін жетті", - деді Шүкеев.

Еске сала кетсек, кеше "ҚазТрансОйл" АҚ-ның "Халықтық ІРО" бойынша өтінімдерді қабылдауы аяқталды. "Самұрық Қазына" 18,6 млрд теңгеге 30 мың өтінім түседі деп күтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны