04.02.2013, 15:46 3043

СONOCOPHILLIPS ҚазМұнайГазға "Н" жобасындағы үлесін $32 млн долларға сатты

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы "КонокоФиллипс Н Блок Б.В." компаниясының "Н" (Нұрсұлтан) жобасындағы 75,5% үлесін $32 млн долларға сатып алды", - деді Сауат Мыңбаев.

Астана. 4-ақпан. Kazakhstan Today - СONOCOPHILLIPS ҚазМұнайГазға "Н" жобасындағы үлесін $32 млн долларға сатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлімдеді.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы "КонокоФиллипс Н Блок Б.В." компаниясының "Н" (Нұрсұлтан) жобасындағы 75,5% үлесін $32 млн долларға сатып алды", - деді Сауат Мыңбаев.

Министр компанияның 100% акциясы үшін 35 млн доллар төленгенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, "ҚазМұнайГаз" амеркалық "КонокоФиллипс Петролеум Холдингз Б.В." компаниясынан "КонокоФиллипс Н Блок Б.В" компаниясының 100 пайыз акциясын сатып алған болатын. Бұл америкалық компанияның Қазақстандағы соңғы активі еді.

Аталмыш мәміленің арқасында ҚазМұнайГаз жоба операторы болып табылатын "Н Оперейтинг Компанидің" 75,5% қатысу үлесі мен "Н" ("Нұрсұлтан") жобасы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының 75,5%-ына ие болды.

Жер қойнауын падалану туралы келісімшарт талаптарына сәйкес, жобаға 75,5% үлесімен ҚМГ мен 24,5% үлесі бар MДК (Ойл & Газ Н Блок Қазақстан) қатысады. Нұрсұлтан, Н блогы -Қазақстанның мұнай-газ кен орны, Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай 75 км жерде, Каспий теңізінде орналасқан. Кен орнының ауданы 8100 шаршы км құрайды. Нұрсұлтан кен орны "Н" жобасына кіреді. Кен орнына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген.

Кен орнының мұнай қоры өте ауқымды: 1- 6 млрд тонна аралығында ауытқиды. Ал газ қоры - 0,5-тен 4 трлн м3 шамасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны