03.12.2018, 21:57 10764

Соттыӊ "QazaqBanki" АҚ-ын мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне апелляциялық шағым берілді

Апелляциялық инстанцияныӊ сотында істі қараудыӊ еӊ ұзақ мерзімі - күнтізбелік екі ай. Егер апелляциялық инстанцияныӊ соты апелляциялық шағымды қанағаттандырмаса, онда сот шешімі жария етілген кезде заӊды күшіне енеді.

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Соттыӊ 2018 жылғы 24 қазандағы "QazaqBanki" АҚ-ын мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне апелляциялық шағым берілді.

2018 жылғы 24 қазанда Алматы қаласыныӊ мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "QazaqBanki" АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешім (бұдан әрі - Сот шешімі) қабылдады.

2018 жылғы 29 қарашада Соттыӊ шешіміне апелляциялық шағым берілді және оны бірінші сатыдағы сот (Алматы қаласыныӊ МАЭС) қарауға қабылдады.

Осылайша, Соттыӊ шешімі заӊды күшіне енген жоқ.

Апелляциялық инстанцияныӊ сотында істі қараудыӊ еӊ ұзақ мерзімі - күнтізбелік екі ай. Егер апелляциялық инстанцияныӊ соты апелляциялық шағымды қанағаттандырмаса, онда сот шешімі жария етілген кезде заӊды күшіне енеді.

Осылайша, Міндетті кепілдік беру туралы заӊға сәйкес, Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры Соттыӊ шешімі заӊды күшіне енгеннен кейін ғана салымшыларға өтемақы төлей бастайды.

Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры апелляциялық шағымды қарау бойынша оқиғалардыӊ орын алуын қадағалайтын болады және салымшыларға қолда бар ақпаратты дереу бұқаралық ақпарат құралдары және www.kdif.kz. сайтына жариялау арқылы жеткізеді.

Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры "Qazaq Banki" АҚ-тыӊ барлық салымшыларына кепілді өтемақы төлеу үшін жеткілікті қаражатқа ие. "Qazaq Banki" АҚ-та жеке тұлға - 18 246 салымшыныӊ 20,8 миллиард теӊге жалпы сомаға депозиттері орналастырылған. Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қорыныӊ резервінен төлеу сомасы 20,4 миллиард теӊге болады, бұл Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры резерві көлемініӊ 3%-нан аспайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны