06.10.2016, 22:02 6794

Созақ ауданында жыл басынан бері 4 млрд. 728 млн. теӊгеніӊ ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді

Мәселен, 7 айдағы көрсеткіш бойынша ірі қара мал саны 29045 басқа, қой-ешкі саны 286 604 басқа, жылқы 12419 басқа, түйе 10855 басқа жеткен. Ал, құстар саны 21743 басты құраған.

Шымкент. 6 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында жыл басынан бері 4 млрд. 728 млн. теӊгеніӊ ауыл шаруашылық өнімдері өндіріліп, жоспар артығымен орындалды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аудан әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, әсіресе мал шаруашылығында серпіліс бар.

Мәселен, 7 айдағы көрсеткіш бойынша ірі қара мал саны 29045 басқа, қой-ешкі саны 286 604 басқа, жылқы 12419 басқа, түйе 10855 басқа жеткен. Ал, құстар саны 21743 басты құраған.

Жыл басынан бері 70 мыӊ тоннаға жуық ет өндірілсе, 8728,6 тонна сүт алынған. Сонымен қатар 1667,5 мыӊ дана жұмыртқа өндірілген.

Облыс әкімініӊ бастамасымен қабылданған "2014-2016 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы" шеӊберінде ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аталған бағдарлама шеӊберінде мал бордақылау алаӊдары мен қосымша жұмыс орындары ашылуда.

Қарақұр ауыл округінен "Қарақұр" Ө/К (түйе) және (қой), Шолаққорған ауыл округінен "Бағдат" ш/қ (түйе), Құмкент ауыл округінен "Құмкент" Ө/К (қой) асыл тұқымды мал шаруашылықтары болып тіркеліп, жұмыс жасауда.

"Сыбаға" бағдарламасы бойынша 2016 жылы 42 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынып - 1538 бас сиыр тұқымдық түрлендірілуге тартылды.

"Алтын асық" бағдарламасы бойынша жоспар 69 бас қошқар сатылып алынып, 2230 бас тұсақ қойлар тұқымдық түрлендіруге тартылды, меже 106 пайыз.

"Құлан" бағдарламасы бойынша жоспар бойынша 300 бас болса, 14 бас айғыр сатылып 303 бас аналық жылқы сатып алынып меже 101,0 пайызға орындалды.

Мал бордақылау алаӊдарын және жанұялық сүт фермасын ашу үшін 2016 жылдыӊ 8 айында барлығы 127 млн. 800 мыӊ теӊге несие алынды. Оныӊ ішінде атап айтар болсақ:

"Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-нан мал бордақылау алаӊдарын ашуға 36 жеке кәсіпкер 97 млн. 800 мыӊтеӊге алып, 538 бас мал алған.

"Ырыс" МКҰ" ЖШС-нен есепті мерзімде 6 жобаға 12 млн теӊге несие қаржы алынып 70 бас мал алыған.

Жанұялық сүт фермасын ашуға 18жеке кәсіпкер 12 млн теӊгеге133 бас сауын сиырлар алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны