08.11.2011, 12:45 4459

Standard&Poor's Қазақстанның кредиттік рейтингін жоғарылатты - баспасөз баяны

Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының шетел валютасына ұзақ мерзімді суверенді кредиттік рейтингін "ВВВ" деңгейінен "ВВВ+" деңгейіне дейін, шетел валютасына қысқа мерзімді рейтингін "А-3" деңгейінен "А-2" деңгейіне дейін көтерді, қысқа мерзімді рейтинг "ВВВ" деңгейінде расталды, барлық рейтингтер бойынша болжамдар "Тұрақты" деңгейінде сақталды.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Standard&Poor's Қазақстанның кредиттік рейтингін жоғарылатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының шетел валютасына ұзақ мерзімді суверенді кредиттік рейтингін "ВВВ" деңгейінен "ВВВ+" деңгейіне дейін, шетел валютасына қысқа мерзімді рейтингін "А-3" деңгейінен "А-2" деңгейіне дейін көтерді, қысқа мерзімді рейтинг "ВВВ" деңгейінде расталды, барлық рейтингтер бойынша болжамдар "Тұрақты" деңгейінде сақталды.

Қазақстанның шетел валютасына ұзақ мерзімді суверенді кредиттік рейтингісінің "ВВВ" деңгейінен "ВВВ+" деңгейіне дейін жетуі ел тарихында алғаш рет орын алып отыр.

Осылайша, Қазақстан Республикасы ТМД елдері ішінде Standard&Poor's-шетел валютасы рейтингі бойынша алғашқы орынды иелене отырып, "ВВВ" рейтингісінде орналасқан (Ресей, Болгария, Литва, Бахрейн, Перу, Мексика) елдерінен алға шығып, "ВВВ+" рейтингісінде орналасқан Ирландия, ОңтүстікАфрика, Таиланд елдерімен қатарласты.

Шетелдік валюта бойынша ұзақ мерзімді рейтингте Малайзия, Польша және Ботсвана ("А-") тәрізді елдер Қазақстаннан жоғары орналасқанын атап өткен жөн.

Standard&Poor's пікірі бойынша шетелдік валюта рейтингісінің жоғарылауы профицит салдарынан фискалды және сыртқы икемділігінің жақсаруын, мұнай өндірісінің ұлғаюы мен оған бағалардың өсуінен қарқынды экономикалық өсімді, пруденциалды фискалдық саясатты және тікелей шетелдік инвестициялардың тұрақты жоғарғы ағымын көрсетеді. Сонымен қатар, рейтинг елдің тұрақты қаржы және сыртқы балансының, табиғи ресурстардың үлкен қоры мен тікелей сыртқы инвестициялардың циклдық емес ағымының нәтижесінде тұрақталып отыр.

Осымен бірге, рейтингті баяулататын факторлар ретінде шектелген ақша икемділігі мен 2011 жылы ЖІӨ жан басына шаққандағы 11000 АҚШ доллары көрсеткішінің болжамымен экономика дамуының бір қалыпты деңгейі белгіленген.

Рейтингтің "Тұрақты" болжамы Standard&Poor's талдаушыларының қуат көздеріне бағаның жоғары болуы және мемлекеттік шығыстар өсуге ынталандырады және Қазақстанның фискалды және сыртқы ұстанымдарын сақтайды деген болжамын көрсетіп отыр

ҚР ЭДСМ елдің суверенді кредиттік рейтингінің жоғарылауын оның бәсекеге қабілеттілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің несиеге қабілеттілігін тура бағалаудағы оң өзгеріс деп санайды. Кредиттік рейтингтің жақсаруы, ең алдымен, мемлекеттің әлемдік аренадағы беделіне әсер етеді, сондай-ақ, мемлекеттің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейте отырып елге шетелден тартылатын қаржыға ставкалардың көлемін төмендету мүмкіндігі, қазақстандық бағалы қағаздар құнының әлеуетті артуы, әлемдік қаржы нарықтарына қол жетімділіктің кеңеюі, әлеуетті инвесторлардың базасы мен олардың географиясын әртараптандыру түрінде артықшылықтар береді.

Егеменді рейтингтер оның юрисдикциясы шеңберінде қолданылатын барлық басқа эмитенттердің рейтингісі анықталатын белгілі бір "жоғарғы шегі" болып табылады. Елдің егеменді кредиттік рейтингін арттыру елдегі барлық компаниялар-резиденттердің рейтингілері өсу үшін және олар үшін халықаралық қарыздар бойынша пайыздық ставкалардың төмендеуі үшін мүмкіндіктер ашады.

Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі

8 7172 74 30 84, 74 38 52

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны