20.07.2015, 12:09 4267

"Startup "Bolashak" стартап-жобалар байқауыныӊ жүлде қоры 25 млн. теӊгені құрайды

"Болашақ" қауымдастығы жаӊа бастап жатқан кәсіпкерлерге арналған республикалық стартап-жобалар байқауын бастады, оныӊ мақсаты - жас қазақстандықтардыӊ кәсіпкерлік бастамаларын кеӊінен қолдау болып табылады

Астана. 20 Шілде. Kazakhstan Today - "Болашақ" қауымдастығы жаӊа бастап жатқан кәсіпкерлерге арналған республикалық стартап-жобалар байқауын бастады, оныӊ мақсаты - жас қазақстандықтардыӊ кәсіпкерлік бастамаларын кеӊінен қолдау болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Байқаудыӊ бас серіктесі - Сбербанктіӊ Қазақстандағы Еншілес банкі.

Байқауға Қазақстанныӊ 18-29 жас аралығындағы барлық жас кәсіпкерлері қатыса алады. Стартап-жобалар байқауы "Болашақ" қауымдастығыныӊ 3 грантын көздейді, I орын - 7 млн. теӊге, II орын - 5 млн. теӊге және ІІІ орын - 3 млн. теӊге, сондай-ақ 10 млн. теӊге - "BI Group" холдингінен гранттар. Мұнымен қоса, байқауға қатысушылар инвесторлар тарапынан қаржылық қолдауға ие болып, "Даму" қорыныӊ құралдарын пайдалану арқылы төмен пайызбен несие, сондай-ақ Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігініӊ инновациялық гранттарын алу мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

Илеуметтік инвесторлар ретінде өз қатысуын "BI Group" холдингініӊ басшысы Айдын Рахымбаев, "Atasu Group of Companies" ЖШС бас директоры Марат Жұман, "Sheberbuild" ЖШС-ніӊ қадағалау кеӊесініӊ төрағасы Ералы Сауранбаев растады.

Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау 20 қыркүйекке дейін "Бәйтерек" холдингініӊ барлық өӊірлік кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Жеӊімпаздардыӊ аты-жөні 21 қарашада бизнес-жоспарлар марафонында белгілі болады.

"Startup "Bolashak" байқауы екі кезеӊнен тұрады. Бірінші кезеӊде қазылар алқасы 20 барынша қызықты бизнес-жобаларды таӊдайды. Аталған идеялардыӊ авторлары тренингтер мен білім беру семинарларынан өтеді. Екінші кезеӊде комиссия 10 үздік жоба кеӊесшілер мен кәсіби менторлардыӊ қолдауымен бизнес-жоспарларды әзірлеуге кіріседі.

"Startup "Bolashak" байқауы барысын республикалық телеарналардыӊ бірінен бақылауға болады, онда жобаны реалити-шоу форматында көрсету жоспарлануда.

"Болашақ" байқауыныӊ стартап-жобалар байқауы жастардыӊ бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарыныӊ бірі ретінде Елбасыныӊ "100 нақты қадам" ұлттық жоспарын іске асыруға бағытталған.

"Жастарымызға, егер сізде қызықты бизнес-идея мен табысты бизнесмен болуға құштарлық болса, онда "Startup "Bolashak" байқауына қатысыӊыз деп айтқым келеді. Бұл - жаӊа бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін өз жобасын ілгерілетуі, нақты бизнес-жоспар жасауы, инвесторлармен кездесуі және еӊ бастысы старттық капиталды алуы үшін шынайы мүмкіндік", - деп қорытындылады "Болашақ" қауымдастығы кеӊесініӊ төрағасы Қуандық Бишімбаев.

Байқаудыӊ серіктестері мен ұйымдастырушылары: "Болашақ" қауымдастығы, "Бәйтерек" холдингі, "Даму" қоры, "ТДЖҰА" АҚ, "Сбербанк" АҚ ЕБ, "BI Group" холдингі, "Atasu Group of Companies" пен "Sheberbuild" компаниялары және Астана қаласыныӊ әкімдігі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны