07.02.2013, 09:05 3508

Статистика агенттігі 2013 жылдан бастап кәсіпорындардағы жұмысшыларға сұраныстың жыл сайынғы есебін жүргізеді

Ағымдағы жылдан бастап "Есеп беру кезінде күтілетін жұмысшыларға сұраныс" жаңа көрсеткіші қалыптастырылады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен өткен ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

Астана. 7-ақпан. Kazakhstan Today - Статистика агенттігі 2013 жылдан бастап кәсіпорындардағы жұмысшыларға сұраныстың жыл сайынғы есебін жүргізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдан бастап "Есеп беру кезінде күтілетін жұмысшыларға сұраныс" жаңа көрсеткіші қалыптастырылады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен өткен ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

"Ағымдағы жылдан бастап "Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрлар саны мен оларға сұраныс туралы есеп беру" статистикалық формасы шеңберінде жыл сайын мамандықтар мен қызметтер, экономикалық қызметтер мен аймақтар тұрғысынан "Есеп беру кезінде күтілетін жұмысшыларға сұраныс" жаңа көрсеткіші қалыптастырылады",- И.Смайылов.

Сонымен қатар, ол аталған көрсеткіш бойынша ақпаратты мемлекеттік органдар мамандықтар, салалар мен аймақтар тұрғысынан кадр тапшылығын анықтау үшін, сонымен бірге еңбек ресурстарының есеп беру мен болжамды балансын құру үшін пайдаланатынын атап өтті.

Оған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Агенттік "Өз бетімен жұмыс істейтіндердің санын, олардың орташа айлық табысы мен Қазақстандағы жұмыссыздар санын анықтау әдістемесін" жасап шығарып және мүдделі мемлекеттік органдармен келісе отырып, бекітті. Агенттік жаңа әдістемеге сәйкес статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыруды ағымдағы жылдың 1-тоқсан қортындысынан бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны