30.10.2019, 12:58 40478

Степногорск қаласының прокуратурасы мемлекеттік бюджеттен ірі көлемдегі ақша ұрлау фактісін анықтады

Алаяқтық әрекеттердің нәтижесінде балабақша басшылығы 3,6 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған.

Нұр-Сұлтан. 30 қазан. Kazakhstan Today - Степногорск қаласының прокуратурасы мемлекеттік бюджеттен ірі көлемдегі ақша ұрлау фактісін анықтады.

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру" бағдарламасы бойынша жеке мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру мәселесін талдау барысында "Дарын ББ" балабақшасының басшылығы ай сайынғы субсидияларды алу үшін балалардың жалған деректері мен тізімдіктерін бергені анықталды.

Алаяқтық әрекеттердің нәтижесінде балабақша басшылығы 3,6 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған.

Қала прокуратурасының ірікөлемдегі алаяқтық фактісі бойынша бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша, сот үкімі "Дарын ББ" балабақшасының басшыларын 3 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеді, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны