27.01.2014, 19:04 3774

Степногорск қаласында иммунитет тапшылығын емдейтін шетелдік құрылғылар шығарылатын болады

Аталмыш ғылыми жоба Дүниежүзілік банк және ҚР Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылған ҚР Білім және ғылым министрлігінің Технологияны коммерцияландыру бағдарламасы аясында жеңіп алынған грант бойынша қаржыландырылатын болады.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. Ақмола облысы Степногорск қаласында иммунитет тапшылығын емдейтін шетелдік препараттар жасалатын болды, деп облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Степногорск қаласында арнайы грант бойынша жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық биотехнологиялар орталығында О. Тен биология ғылымының кандидатының басшылығымен тәжірибелі әрі жас команда жасақталды", - делінген хабарламада.

Аталмыш ғылыми жоба Дүниежүзілік банк және ҚР Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылған ҚР Білім және ғылым министрлігінің Технологияны коммерцияландыру бағдарламасы аясында жеңіп алынған грант бойынша қаржыландырылатын болады.

Казіргі таңда өндірісті іске қосу бойынша жұмыстар атқырылап жатыр. Ал, 2015-16 жылдары алғашқы отандық препарат шығарыла бастайды. Айта кетерлік жайт, ілкімді жоба еліміздің инивациялық дамуын алға ілгерілетіп, жоғары тенологиялық және ғылымды қажетсінетін технологиялардың дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны