20.12.2013, 20:46 2997

Степногорск қаласында Қалаларды дамыту бағдарламасы аясында саңырауқұлақ пресерв цехы ашылды

Айта кету керек, жобаға 3 млн теңге Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша бөлінді. Осы қаражатқа қажетті құрылғылар мен материалдар алынды.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Степногорск қаласында Қалаларды дамыту бағдарламасы аясында саңырауқұлақ пресерв өндірісі цехы ашылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Степногорскте 10 жылдан астам уақыт бұрын Игорь Овчинниковтың саңырауқұлақ шаруашылығы жұмыс істеп келеді. Өнім өңірде жоғары сұранысқа ие. Кәсіпкерлік жылына 50 тонна саңырауқұлаққа дейін өндіреді. Табысты еңбек пен өндірістік жоғарғы деңгейі саңырауқұлақты консервілеу кәсіпкерлігінің ашылуына сеп болып отыр", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, жобаға 3 млн теңге Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша бөлінді. Осы қаражатқа қажетті құрылғылар мен материалдар алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны