29.07.2014, 19:45 5912

Степногорскте жылыту маусымына 2,5 млрд теңге бөлінді

Ақмола облысы Степногорск қаласында биыл энергетикалық кешеннің құрылғыларын дайындауға 2,585 млрд теңге қарастырылып отыр, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Алматы. 29 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облысы Степногорск қаласында жылыту маусымына дайындық өз деңгейінде жүріп жатыр. Биыл энергетикалық кешеннің құрылғыларын дайындауға 2,585 млрд теңге қарастырылып отыр, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Степногорск ЖЭО жылу агрегаттарын жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Осы мақсатта 2375 млн теңге бөлінген. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазіргі уақытта 80%-ға орындалды. Станция штаттық режиммен жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, қалада жылумен қамту желілерін жөндеу жұмыстары да қарқынды жүруде. Ол үшін 165,601 мың теңге бөлінген. Қазіргі таңда жоспарланған 3,385 шақырым магистральді желінің 61 пайызының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 0,585 шақырым құбырдың 84 пайызы жөндеуден өткен. Қала ЖЭО жылу желісін оқшуалау деңгейі 65 пайызды құрап отыр.

"Қалада тұрғын үй қорының 353 көпқабатты нысаны мен 61 әлеуметтік сала нысанын қысқа дайындау жұмыстары жүргізілуде", - делінген әкімдік хабарламасында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны