20.10.2008, 18:52 3026

Стресті активтер қорының капиталына 52 млрд. теңге бағытталатын болады

Стресті активтер қорының капиталына 52 млрд. теңге бағытталатын болады

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Стресті активтер қорын капиталдандыруға 52 млрд. теңге бағытталатын болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы 20 қазанда үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі К. Мәсімовтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының 30-шы отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында мемлекет басшысының 2008 жылғы 13 қазанда үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын нақтылау, 2008 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар қаралды және қабылданды. Республикалық бюджеттің өлшемдері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының капиталын құру үшін Ұлттық қордан 607,5 млрд. теңге (5 млрд.$) көлемінде нысаналы трансферт нақтыланды. Сонымен қатар, стресс активтері қорын капиталдандыру мақсатында Экономика министрлігі республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшілерімен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып тексеру жүргізді, соның нәтижесінде республикалық бюджеттің шығыстары, оның ішінде, жыл қорытындысы бойынша күтіліп отырған 32 млрд. теңге сомасы көлемінде игерілмеген бюджет қаражатын және кезек күттірмейтін шығындарға бағытталған 20 млрд. теңге көлеміндегі үкімет резервін есепке ала отырып қысқартылды. Нәтижесінде Стресті активтер қорын капиталдандыруға 52 млрд. теңге бағытталатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны