02.06.2009, 13:08 1977

Су көлігі саласындағы инвестициялық жобалар 2014 жылы жүзеге асырылып аяқталады - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Су көлігі саласындағы инвестициялық жобалар 2014 жылы жүзеге асырылып аяқталады - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Су көлігі саласындағы инвестициялық жобалар 2014 жылы жүзеге асырылып аяқталады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "50 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз пайдаланылып келе жатқан Өскемен және Бұқтырма шлюздерін қайта жөндеу жобасы бұл сала үшін маңызы зор шара. Жобаны іске асыру мерзімі - 2009-2014 жылдар. Жобаның жалпы құны 1,4 млрд теңгені құрайды".

Жоба бюджет қаражаты есебінен іске асырылуда. Ағымдағы жылы бюджеттен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және қайта жаңарту жұмыстарын бастауға 163,4 млн теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу биылғы қазан айында аяқталады. Қазіргі уақытта жұмыс қақпаларын ауыстыру және Өскемен шлюзінің мұнара кранын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, мекеменің ақпаратына сәйкес, Ақтау портының жобалық қуатын арттыру мақсатында солтүстік бағытта кеңейтілуі су көлігі саласындағы ірі жобалардың бірі болып табылады. Мақсаты - порттың жобалық қуатын арттыру. Жобаны іске асыру мерзімі - 2006-2014 жылдар. Жобаның жалпы құны 41,7 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта жобаның бірінші кезеңі - қорғаныш гидротехникалық құрылғы құрылысы іске асырылуда. Ағымдағы жылғы 26 мамырда 7,1 млрд теңге игерілді, бұл жұмыстың жалпы көлемінің 77,9 пайызын құрайды.

Екінші кезеңнің жүзеге асырылуы биылғы 9 шілдеде өткізілетін ашық байқаудан кейін басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны