04.12.2012, 16:35 3482

SUNKAR RESOURCES акциялары биржада листинг процедурасынан өтті

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашадағы шешімімен SUNKAR RESOURCES PLC (Лондон) GB00B29KHR09 (GB_SKRS) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді.

Алматы. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - SUNKAR RESOURCES PLC (Біріккен корольдігі) GB00B29KHR09 (GB_SKRS) жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашадағы шешімімен SUNKAR RESOURCES PLC (Лондон) GB00B29KHR09 (GB_SKRS) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді.

Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы олып табылатын "JAZZ CAPITAL" "Брокерлік үйі" АҚ (Алматы), аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады.

KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады.

SUNKAR RESOURCES PLC жарияланған жай акцияларының саны 166 634 074 дана, бір акцияның номиналдық құны - 0,1 пенс құрайды.

SUNKAR RESOURCES PLC қаржылық кеңесшісі "JAZZ CAPITAL" "Брокерлік үйі" АҚ болып табылады.

SUNKAR RESOURCES PLC акцияларын ұстаушылар тізбесі жүйесін жүргізуді Capita Registrars Limited (Кент, Ұлыбритания) жүргізеді.

Аталмыш облигациялардың қысқаша атауы (сауда коды) GB_SKRS.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны