Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сүйемелдеп отырған инвестициялық жобалардың жалпы сомасы 3,9 трлн. теңгені құрайды
Алматы. 5 наурыз. Kazakhstan Today - "Green Capital Kazakhstan" ЖШС бас директоры, Ақтөбе қаласындағы голландтық инвестор Диедерик Алевен Қазақстан Республикасындағы инвестициялық тәжірибесі туралы "LinkedIn" халықаралық әлеуметтік желісінде бейне-пост жариялаған болатын. "Green Capital Kazakhstan" ЖШС компаниясы қызанақ өсірумен және оларды сатумен айналысады. Компания 2018 жылы "Protecting Business and Investments" жобалық кеңсесімен және "Атамекен" ҰКП келісім жасаған.
"Ақтөбедегі жылыжайлық дамуымызға нәтижелі қолдау көрсетілгеннен кейін, біз Қазақстандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттгі мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында болдық. Біздің қиын уақытта тапқан қолдауымызды, Қазақстанның шетел инвестицилярын қолдауының дәлелі деп түсінеміз. Нәтижесінде жоба аясындағы 2 фаза құрылыс сатысында болса, ал 3 және 4 фазалар іске асырылуға дайындалуда!
Таң қаларлық фактілер. Біз жылына 3000 тоннадан астам қызанақ өндіріп келеміз. Ал соңғы фазаны тәмамдаған кезде өнімділігіміз жылына 12 000 тоннадан асатын болады.
Қазақстан бізге өзінің ашықтығын көрсетіп, қолдау білдіріп отыр", - деп Диедерик Алевен атап өткен.
Атаулы сұхбат желіде тез таралып, "LinkedIn" қолданушыларының лайктері мен таңғалыс пікірлеріне ие болды.
"LinkedIn" әлеуметтік желісі 500 миллионнан астам пайдаланушы мен бизнес-қауымдастықтардың таяу және алыс шетелдегі өкілдерінің басын қосады.
Бұған дейін Д. Алевен мырза түрлі құрылғыларды тасымалдап әкелу кезінде Мемлекеттік кірістер комитеті кеден органдарының жоспардан тыс тексерулеріне тап болып, нәтижесінде фискалдар тарапынан техниканың бұрыс жіктелуіне байланысты 350 млн. теңге сомасындағы баж салығы артық есептелген. "Green Capital Kаzakhstan" ЖШС компаниясының өкілдеріне көлемді сома есептеудің негіздемелері мен олар бойынша түсініктемелерді ешкім бере алған жоқ.
Бұдан әрі инвестор "Protecting business and investments" жобалық кеңсесіне жүгінген.
Жобалық кеңсенің араша түсуі нәтежиесінде ғана проблемалық мәселелер өзінің оң шешімін тапты.
Жалпы халықаралық сападағы томат өнімі облыста жоғары сұранысқа ие.
Бұны растау үшін статистикалық деректерді мысалға алайық. 2018 жылы республикада қызанақ келісінің орташа бағасы 416 теңге болса, Ақтөбе облысында 520 теңгені құраған. Ал 2019 жылы орташа баға елімізде 474 теңге болса, Ақтөбе облысында 487 теңге сомасын құраған.
Осылайша нарыққа голландиялық компания келгенге дейін облыстағы қызанақ бағасы республикалық деңгейден 26%-ға жоғары болған.
Ал компания өнімдері нарыққа жеткізіле басталғаннан кейін қызанақ бағасы орташа республикалық баға деңгейінен 2,7%-ға төмендеген.
Компания толық қуатта жұмыс жасап жатқан жоқ. Жылына бар болғаны 3000 тонна қызанақ өндіріледі. Кәсіпорынның соңғы фазасы іске қосылғаннан кейін "Green Capital Kаzakhstan" жылына 12 000 тоннадан астам өнім шығаруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, өткен жылы голландиялық компанияның қызметі салық төлемдері арқылы бюджетті 103,6 млн. теңгеге толықтырған.
Компанияның барлық қызметкерлері, 120 адам - жергілікті мамандар.
Инвестордың бұндай жетістігіне Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 2018 жылы өз жұмысын бастаған "Protecting Business and Investments" жобасы ықпал етті.
2019 жылдың соңындағы ақпаратқа сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша осындай 420 келісімге қол қойылған. Диедерик Алевен сынды Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Германия, Беларусь, Нидерланды, Швейцария, Словакия елдерінің, сондай-ақ жергілікті жердің инвесторлары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенім білдірген. Бизнес жұмысына кедергі келтірген 625 мәселе өз шешімін тапты.
Бүгінгі күні Агенттік сүйемелдеп отырған инвестициялық жобалардың жалпы сомасы 3,9 трлн. теңгені құрайды.
"Protecting Business and Investments" жобасының тиімділігін жер құқығы қатынастары мен мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік кедергілер бойынша, қосымша салықтарды заңсыз есептеу мәселелерін шешудің жарқын мысалдары дәлелдеп отыр.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Бектенов ауыл шаруашылығындағы ең проблемалы мәселелерді атады
Фермерлер жақсы тұқымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, шағымданады. Азық-түлік корпорациясы жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық несие түрінде бөлуі керек. Біздегі климаттық жағдайларға төзімді, өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет. Сонымен қатар агротехнологиялық талаптардың сақталмауы да өнімнің көлемі мен сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Ең алдымен, бұл - минералды тыңайтқыштардың, пестицидтер мен өсімдіктерді қорғайтын басқа да құралдардың қажетті мөлшерін қолдануға қатысты мәселе. Бізде тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми қажеттіліктің небәрі 21%-ын ғана құрады", - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Фермерлер өздеріне тиесілі субсидиялардың тым кешігіп төленетініне наразылық білдіруде. Өткен жылғы субсидиялар бойынша қарыз 160 млрд теңгеден асып кетті. Бұл қаражатты егіс жұмыстарына жаратуға болатын еді. Жеңілдікті дизель отынын үлестіру барысы да ерекше бақылауда болуға тиіс. Алыпсатарлыққа және қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек", - деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында бүгін жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мобильді аударымдарды бақылау: Қаржы министрлігі кәсіпкерлер үшін жаңа критерий енгізуде
Қазір біз үшінші критерийді талқылап жатырмыз, сома 255 мың теңгеден жоғары. Біз банктермен жұмыс жасадық, адамдар мобильді аударымдарға қайта көшуде. Қаңтарда 75 мыңға жуық жеке кәсіпкер (ЖК) тіркелді, ақпанда 70 мыңға жуық. Яғни, заңдастыру және сол жерде болған адамдарды көлеңкеден шығару жұмыстары жүріп жатыр, біз бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді министр.
Біз банктермен сөйлестік, қолма-қол ақша айналымы қайтадан төмендеп жатыр, адамдар мобильді аударымдарға қайта оралуда. Бұл тіркеу мәселесі. Үш ай және бір жылда 255 мың теңге ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен жоғары болса, ол тіркелуі керек. жеке кәсіпкер. Бұл заң", - деді Қаржы министрлігінің басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 23%-ға өсті
Кірістер бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмады. Бұл импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы. Басты себептердің бірі - негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның төмендеу үрдісі. Мәселен, биылғы қаңтар-ақпанда металдардың бағасы орта есеппен 9,1%-ға төмендеген. Оның ішінде аллюминий 10,8%-ға, мырыш 24,1%-ға түскен", - деді М. Такиев.
Мемлекеттік аудит бойынша осы жылдың 2 айында 3,8 трлн теңгеден астам сомаға 142 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 18 240 рәсімде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 91%-ын орындады", - деді Мәди Такиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан экономикасының өсуі 4,2%-ды құрады
Министрліктер мен өңірлердің бірінші басшылары Жоспарды сапалы әрі уақытылы іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс. Үкімет жұмыла жұмыс істеп, экономиканың барлық саласы тиімді үйлестіруі керек", - деді Олжас Бектенов.
Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған. Көріп отырғанымыздай, бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп. Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді", - деді Үкімет басшысы.
Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын", - деді Олжас Бектенов.
Әкімдер делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы орындауды тапсырамын", - деді Премьер-Министр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жөндеу және реконструкциялау жөніндегі барлық іс-шара сапалы жүзеге асырылып, уақтылы аяқталуға тиіс. Бұл ретте сатып алу барысында отандық өндірушілерді қолдауға барынша басымдық берілуі қажет. Сондай-ақ әзірленіп жатқан Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарда тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін нығайтуға бағытталған жобаларды көздеген жөн", - деді Үкімет басшысы.
Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 2025 жылдың соңына қарай Жалпы ішкі өнімнің 14%-ына дейін қысқартуға тиіспіз. Биыл Кешенді жекешелендіру жоспарын 90%-ға іске асыру қажет", - деді Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚТЖ Қытайдан тасымалдау географиясын кеңейтуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мұнай өндірісін ерікті қысқартуды ұзартады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Standard&Poor's Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін растады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
25.03.2024, 14:07ҚР Көлік министрлігінің басшысы Қытай тарапымен екі елдің көлік-логистикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелерін талқылады 26.03.2024, 18:22 45206Батыс Қазақстанда уәкілетті экономикалық оператордың құқықтары қорғалды26.03.2024, 18:15 45171Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды25.03.2024, 21:31 45056Қарым-қатынастың жаңа дәуірі: Астанада Кипрдің елшілігі ашылады24.03.2024, 21:55 40066Қазақстанда А гепатитімен ауырғандардың саны өсуде
20.03.2024, 21:43 129721Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді06.03.2024, 20:30 120461Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде20.03.2024, 12:12 117156ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты20.03.2024, 12:29 116906Қазақстанда бизнес үшін жаңа бірыңғай цифрлық жүйе құрылады20.03.2024, 12:19 116876Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді