29.05.2014, 20:36 3038

Т. Доскенов: Қазақстандық бизнес еуразиялық нарықтың басымдығын мойындайды

"Бүгінде біз интеграцияның кәсіпкерлік үшін пайдалы екенін айта аламыз. 2013 жылы электрлік трансформатор бойынша Қазақстаннан Кедендік одаққа шығарылатын экспорт көлемі 7,4 есеге, трактор тасымалы 5,7 есеге, металлопрокат құрылғылары 5,5 есеге, мұздатқыш пен тоңазытқыш көлемі 4,5 есеге, жүк көліктері 3,7 есеге артты", - дейді Т.Доскенов.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстандық бизнес еуразиялық нарықтың басымдығын мойындайды, деп Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиум мүшесі Талғат Доскенов мәлім етті.

"Бүгінде біз интеграцияның кәсіпкерлік үшін пайдалы екенін айта аламыз. 2013 жылы электрлік трансформатор бойынша Қазақстаннан Кедендік одаққа шығарылатын экспорт көлемі 7,4 есеге, трактор тасымалы 5,7 есеге, металлопрокат құрылғылары 5,5 есеге, мұздатқыш пен тоңазытқыш көлемі 4,5 есеге, жүк көліктері 3,7 есеге артты", - дейді Т.Доскенов.

Оның айтуынша, еуразиялық нарыққа шығу бізге ірі шетелдік инвесторлардың тартылуына жол ашпақ.

"Өткен жылы Қазақстанға үлкен екі автоконцерні "Тойота" мен "Пежоның" келгенін естіген боларсыздар. Бұдан бөлек елімізде Ресейдің трансұлттық компаниялары да жұмыс істеп тұр. Сол себепті біз қазақстандық кәсіпкерліктердің жалпы еуразиялық нарықта басымдылыққа ие екенін айта аламыз", - дейді ҰКП Президиум мүшесі.

"Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің құрылуын қолдаймыз. Экономикалық прагматизм ұстанымымен жетекшілік ету керектігіне көз жеткізіп отырмыз. Қазақстан үшін қандай да бір базалық келісім ескіріп қалған болса, оны дереу өзгерту керек", - дейді Т.Доскенов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны