10.06.2014, 20:59 7311

Т. Дүйсенова ірі шетелдік инвесторлармен кездесті

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова Қазақстанның Еуропалық Бизнес Ассоциациясы ұйымдастырған дипломатиялық қауымдастықтың өкілдері, ірі шетелдік инвесторлар, министрліктер және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерімен өткен кездесуге қатысты.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова Қазақстанның Еуропалық Бизнес Ассоциациясы ұйымдастырған дипломатиялық қауымдастықтың өкілдері, ірі шетелдік инвесторлар, министрліктер және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерімен өткен кездесуге қатысты.

Кездесу барысында Еңбекмині ұсынған Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту саясатын жетілдіру бойынша жаңа бастамалар мен тәсілдер талқыланды, деп еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.

Бұл жаңартулардың басты мақсаты транснационалдық компанияларды экономиканың басым секторларына тарту және Қазақстанда жоғары білікті мамандардың ашық нарығын қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Көші-қон заңнамасын жетілдіру жөніндегі тұжырымдама жобасында транснационалдық компаниялар үшін ерікті жүріп-тұру қағидатын енгізу, тапшы мамандар тізімін бекіту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру барысында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды дайындау рәсімдерін жеңілдету қарастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстанның жоғары оқу орындарында дарынды шетелдік студенттерге оқу грант жүйесі және оларды болашақта жұмысқа орналастыруды енгізу көзделеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны