27.12.2016, 12:34 4309

Т. Дүйсенова жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерініӊ қалай өсетінін түсіндірді

ҚР ДСИДМ басшысы ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп жүргізілген есепті ескере отырып, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшерініӊ 20%-ға өсетінін хабарлады.

Астана. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерініӊ2017 жылы артуы туралы нақты түсіндірме берді.

ҚР ДСИДМ басшысы ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп жүргізілген есепті ескере отырып, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшерініӊ 20%-ға өсетінін хабарлады.

"2017-2019 жылдарға арналған бюджетке сәйкес, ынтымақты зейнетақыныӊ мөлшері 2017 жылғы 1 қаӊтардан бастап 9%-ға, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен тағы да 11%-ға ұлғайтылады. Мәселен, егер ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылы 40 000 теӊге болса, 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап 9%-ға арттырылып, 43 600 теӊгені құрайтын болады. 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап тағы 11%-ға ұлғайтылып, жалпы мөлшері 48 396 теӊге болады. Осылайша, 2017 жылы ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға ұлғайтылмақ.

Базалық зейнетақы 2017 жылғы 1 қаӊтардан 7%-ға, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен тағы да 13%-ға ұлғайтылады.Мәселен, ағымдағы жылы егер базалық зейнетақы мөлшері 11965 теӊге болса, 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап 7%-ға арттырылып, 12 802 теӊгені құрайтын болады. 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап тағы 13%-ға ұлғайтылып, жалпы мөлшері 14 466 теӊге болады. Осылайша, 2017 жылы базалық зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға арттырылады",- деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар, Министр 2,1 млн-ға жуық зейнеткердіӊ зейнетақысын арттыру мақсатында республикалық бюджеттен қосымша 79,8 млрд. теӊге бөлінетінін атап айтты.

Жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, зейнетақыныӊ еӊ төменгі мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 2016 жылғы 37 789 теӊгеден 2017 жылғы 1 шілдеде 45 711 теӊгеге артады. Зейнетақыныӊ орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде)55 154 теӊгеден 66 721 теӊгеге дейін ұлғаяды.

Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаӊтардан 7%-ға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20%-ға арттырылады. Нәтижесінде 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда өсім 27%-ды құрайтын болады.

"Егер ағымдағы жылы бірінші, екінші, үшінші баланыӊ тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері66 621 теӊге болса, 2017 жылғы 1 қаӊтарда 71 270 теӊге болып, 1 шілдеде 86 222 теӊгеге дейін артпақ. Ағымдағы жылы төртінші баланыӊ тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 111 035 теӊге болса, 2017 жылғы 1 қаӊтарда 118 мыӊ теӊге болып, 1 шілдеде 142 947 теӊгені құрамақ", - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен келесі жылы қосымша 1,8 млрд. теӊге бөлінеді.

Жалпы алғанда, жоғарыда аталған зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлерініӊ артуына республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 81,6 млрд. теӊге қарастырылмақ.

Естеріӊізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда ҚР тәуелсіздігініӊ 25-жылдығына арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысы 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен зейнетақыныӊ барлық мөлшерін 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға, баланыӊ тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы жәрдемақы мөлшерін 20%-ға арттыруды тапсырған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны