19.02.2021, 20:39 15787

Төлеуов: Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеменің белгілі бір деңгейіне қатысты таргеті жоқ

"Ұлттық Банк "қандай жағдай болмасын және кез келген жағдайда базалық мөлшерлемені төмендетуге қарсы" деген тұжырым дұрыс емес".
Нұр-Сұлтан. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемені төмендету мәселесі бойынша ұстанымын ҚР ҰБ Төрағасының кеңесшісі Олжас Төлеуов түсіндірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ұлттық Банкте базалық мөлшерлеменің белгілі бір деңгейіне қатысты бастапқы сөзсіз позициясы немесе таргеті жоқ. Сондықтан Ұлттық Банк "қандай жағдай болмасын және кез келген жағдайда базалық мөлшерлемені төмендетуге қарсы" деген тұжырым дұрыс емес", - деп атап өтті ол.

 
Төлеуов қазіргі уақытта сыртқы және ішкі инфляциялық қысымның күшейіп тұрғанын, азық-түлік бағасының одан әрі өсу қаупінің артқанын, енді, әрине, елде және әлемде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты белгісіздік сақталып отырғанын атап өтті. Міне, сондықтан 9,0%-дық базалық бөлшерлеменің қазіргі деңгейі экономикадағы ақшаның құнын көрсетеді, ол инфляцияға қарсы қазіргі және болашақ тәуекелдерді теңестіреді, экономиканың қалпына келуі мен өсуінің алғышарттарын құрайды.
 

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы базалық мөлшерлемені төмендету – өзінің қысқа мерзімді әсерін ғана тигізеді, бірақ бұл қаржылық тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Біз теңге құралдарының тартымдылығын төмендетіп аламыз, ол кезде теңгеге қысым жүріп, девальвациялық күтулер күшейіп, депозиттерде долларлану жоғарылап, банктерде қаржыландыру қысқарады. Қаржы жүйесі үшін қосымша қиындықтар туындайды, бұл сайып келгенде, экономиканы жандандырып, несиелік ресурстардың құнын төмендетіп қана қоймай, керісінше, дағдарыстық құбылыстарды күшейтеді. Экономикадағы нақты мөлшерлеменің қазіргі мәні, яғни жылдық инфляция деңгейін алып тастағандағы номиналды базалық мөлшерлеме 1,5% құрайды. Бұл біздің экономикамыз үшін нақты мөлшерлеменің тепе-теңдік деңгейінен 3,5–3,7% айтарлықтай төмен. Демек, экономикадағы нақты мөлшерлеменің деңгейі төмен және экономикалық белсенділіктің қалпына келуін ынталандырады", - деді сарапшы.

 
Ол бұрын базалық мөлшерлемеге қатысты шешімдерді Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңесші органы ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттің ұсынысымен қабылдағанын еске салды. Ашықтықты жақсарту үшін жыл басынан бері Ұлттық Банк аясында бұл шешімді заңнамалық тұрғыдан бекітілген жеке орган қабылдайды. Бұл ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет.
 

Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің құрылуы инфляцияға бағытталған елдердің үздік тәжірибелерінде бар, мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея елдерінде осындай комитеттер жұмыс істейді және бұл комитеттің жұмысы ақша-кредит саясаты бойынша шешімдердің тиімділігі мен ашықтығын арттырады", - деп есептейді Төлеуов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны