26.10.2020, 18:46 7101

Тұрғын үй нарығында ұзақ мерзімді кредиттеуді ынталандыру тәсілдеріне өзгерістер енгізілді

"Баспана Хит" ипотеканың ұтымды талаптарын ұсынады. Жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі банктік қарыз шарты жасалған күніне "базалық мөлшерлеме + 175 базистік тармақ" формуласы бойынша айқындалады және қарыз мерзімі ішінде өзгермеуге емес.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Тұрғын үй нарығында ұзақ мерзімді кредиттеуді ынталандыру тәсілдеріне өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында мәлімделген Елбасы Н. Назарбаевтың бизнесті ұзақ мерзімді кредиттеумен қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында мәлімделген экономиканың нақты секторларын кредиттеу қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқарманың "Тұрғын үй нарығында ұзақ мерзімді кредиттеуді ынталандыру тәсілдері" қаулысына өзгерістер енгізді.

Тәсілдердің негізгі міндеттері экономиканы ұзақ мерзімді банктік кредиттеуді кеңейту, тұрғын үй нарығында ұзақ мерзімді кредиттеуді жандандыру, халықтың әртүрлі топтары үшін тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыру болып табылады. Қойылған міндеттерді іске асыру басқамен бірге "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ операторы болып табылатын "Баспана Хит" нарықтық ипотекалық өнім арқылы да жүзеге асырылуда.

"Баспана Хит" ипотеканың ұтымды талаптарын ұсынады. Жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі банктік қарыз шарты жасалған күніне "базалық мөлшерлеме + 175 базистік тармақ" формуласы бойынша айқындалады және қарыз мерзімі ішінде өзгермеуге емес.

Бастапқы жарна - 20%-дан бастап, қарыз мерзімі -15 жылға дейін. "Баспана Хит" бойынша бастапқы тұрғын үйден басқа қайталама нарықта да баспана сатып алуға болады. Сондай-ақ, тұрғын үйдің болмауы бойынша талап қойылмайды.

"Баспана Хит" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылғы 26 қазандағы жағдай бойынша 388,1 млрд теңгеге 44 228 өтінім мақұлданды, оның ішінде 306,8 млрд теңге сомасына 35 769 қарыз берілді.

"Баспана Хитті" іске асыру барысында азаматтардың өтініштері мен банктердің, құрылыс салушылардың және қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары талданды, олардың негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылғы қыркүйекте тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға және бастапқы тұрғын үйге сұранысты көбейтуге бағытталған түзетулерді бекітті.

Қаулыда мыналар көзделеді:

- Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында бастапқы нарықта сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құнының лимитін 25 млн. теңгеден 35 млн теңгеге дейін ұлғайту;

- бастапқы және қайталама нарықтарда сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құнының лимитін Шымкент қ. 25 млн. теңгеге дейін, Қарағанды қ. 20 млн. теңгеге дейін ұлғайту;

- салынып жатқан тұрғын үйді үлестік қатысу шеңберінде сатып алу мүмкіндігі. Бұл бағыттағы кредиттеу "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңына сәйкес іске асырылатын болады.

"Баспана Хит" бағдарламасының клиенттері қазірден бастап жаңа шекті бағалармен ипотека рәсімдей алады. Ал үлестік қатысу шеңберінде салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға несие беруді бастау үшін бағдарлама операторы серіктес банктермен бірге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Салынып жатқан тұрғын үйге несие берудің басталуы туралы кейінірек хабарланады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны