18.06.2019, 22:50 9422

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 1,5 ай ішінде 3 800 әскери қызметкердің тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті

Сондай-ақ, заемды алу үшін, әскери қызметкерлердің 2018 ж. секілді конкурсқа қатысып, оның нәтижесін күтулері қажет емес. Олар тек өздігінен керек пәтерді тауып, банкке хабарласуы керек.

Нұр-Сұлтан. 18 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) Қоғамдық кеңес мүшелері екі бірдей әлеуметтік маңызы зор тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында танысты. Бұл - "Әскери өнім" бағдарламасы мен тұрғын үй сатып алу үшін табысы төмен отбасыларды несиелендіруге арналған "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа бағыты.

Бірінші бағдарлама аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 1,5 ай ішінде 3 800 әскери қызметкердің тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Бұл рекордтық мерзім және банктің тарихында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Осы уақыт ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2 566 займ беріп, 1 224 несиелік өтінімді мақұлдады, ал 73 өтінім қарастырылуда.

"Әскери өнім" шарттарының тиімділігін арттыру нәтижесінде оған деген сұраныс артып келеді. Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй төлемдерін алушылар15 пайыз бастапқы жарнамен несиені жылдық 8 пайыз мөлшерлеме бойынша ала алады. Сондай-ақ, заемды алу үшін, әскери қызметкерлердің 2018 ж. секілді конкурсқа қатысып, оның нәтижесін күтулері қажет емес. Олар тек өздігінен керек пәтерді тауып, банкке хабарласуы керек.

- "Әскери өнім" - банктің жеке бастамасы. Аталған бағдарлама бойынша әскери қызметкерлерге несие беру мақсатында біз өз қаражатымызды пайдаланып, 2019 жылы бөлінген 58,6 млрд теңгені толықтай игердік. Оларға берілген несиенің орташа сомасы 15 млн.теңгені құрады, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бұған қоса, осы жылы табысы төмен отбасылар санатына жататын тағы 6 000-дай адам Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы өзінің баспана мәселесін шешетін болады. Олар үшін арнайы "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа бағыты әзірленді.

Қоғамдық кеңестің отырысы барысында аталған бағдарлама Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 50 млрд теңге көлемінде қаражат түскеннен кейін басталатыны атап өтілді. Қаражат Қаржы министрілігі тарапынан бөлінеді.

- Қазіргі таңда көп балалы және толық емес отбасыларды жалдамалы пәтерден өз баспаналарына көшіру - банктің алға қойған жауапты әрі маңызды міндеттерінің бірі, - деп атап өтті Ляззат Ибрагимова.

Мұны тек салымшылардың өздері ғана емес, сондай-ақ, қоғам мүшелері мен журналистер де қадағалайтын болады. Сондықтан, қабылданған өтінімдер санын, берілген заемдар мен жаңа қоныс иелерінің атын жариялай отырып, несие беру процесін айқын түрде жүргізу өте маңызды екенін Қоғамдық кеңес Төрағасы Сергей Пономарев айтып кетті.

Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасынакөпбалалы және кәмелет жасына толмаған балалары бар толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Олар заем сомасының 10 пайызын құрайтын бастапқы жарнамен несиені жылдық 2 пайыз мөлшерлеме бойынша алатын болады. Ал, жаңа салынған үй алатын және бастапқы жарнаны төлеуге шамасы келмеген отбасыларға жергілікті әкімдіктер арқылы тұрғын үй сертификаттары ұсынылуы мүмкін.

Несие 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Бағдарламаға қатысушылар несилік өтінімді өткізу мақсатында банкке келмес бұрын, міндетті түрде жергілікті әкімдіктен жолдама алулары керек. Аталған жолдама бағдарламаға қатысушының расымен де әкімдікте кезекте тұрғанын және баспанаға мұқтаж екендігін дәлелдейді.

Жеңілдетілген несиенің көмегімен жаңа салынған үйден және қайталама нарықтан пәтер немесе жер үй сатып алуға болады. Займның ең жоғарғы сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында 15 млн теңгеге дейінгі соманы құраса, ал қалған өңірлерде 10 млн. теңгеге дейін.

Бағдарламаға қатысу үшін отбасының әр мүшесіне келетін табыстың көлемі 42 500 теңгеден аспау керек. Мәселен, отбасында 5 адам болса, онда ең жоғарғы табыс мөлшері 212 500 теңгеден артық болмауы тиіс.

Осылайша, бағасы 9 млн. теңгелік тұрғын үй бойынша, алғашқы 8 жыл ішіндегі алдын ала заем бойынша төлем мөлшері 47 400 теңгені құрайса, ал қалған 11 жыл ішінде тұрғын үй заемы бойынша 31 760 теңгеден төлеп тұру қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны