Түркістан облысы Мақтаарал ауданында жылына 70 трактордың тіркемесін жасап шығаратын өндіріс орны іске қосылды
Түркістан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Мақтаарал ауданында жылына 70 трактордың тіркемесін жасап шығаратын өндіріс орны іске қосылды. Мемлекеттен қайтарымсыз 225 млн. теңге грант жеңіп алған "Центр сервис СХМ" өндірістік кешені аграрлы аймаққа қажетті тіркемелерді шаруаларға тиімді бағада шығаруды көздеп отыр.
Кешен басшысы Нұрлан Нұрбековтың айтуынша, еліміздегі қолданыста жүрген тракторлардың 65 пайызы, комбайндардың 46 пайызының пайдалану мерзімі 17 жылдан асқан.
"Қазіргі таңда тракторлардың 15 пайызы қазірдің өзінде істен шықса, 26 пайызы есептен шығаруға жатады. Комбайндар және басқа да қосалқы техникалардың жағдайы да осындай. Ал, ескі техникаларды пайдалану шығынды көбейтеді және егінді толық жинап алуға мүмкіндік бермейтіні айдан анық. Осы олқылықтарды жою үшін мемлекетіміз тарапынан техникаларды жасаушы отандық кәсіпорындарды қолдау шаралары белгіленді. Солардың қатарында отандық техника жасаушыларға өз өнімдерін ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге арзандатып сату үшін субсидиялар беру, қосымша құн салығынан жеңілдіктер жасау, гранттар беру сияқты жұмыстар атқарылуда. Міне, мемлекет тарапынан берілген осындай көмектің арқасында ауданымызда трактордың тіркемелерін шығаратын шағын зауытты іске қосып отырмыз", - деді Бақыт Насырханұлы.
Бүгінде шағын зауытта 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 3D қондырғылардың арқасында қажетті торлы сымдар мен қаңылтыр жасап шығарылып, көлемі 8 тоннадан аса жүк сиятын трактор тіркемелері құрастырылуда. Қазірдің өзінде кәсіпорын 10 трактор тіркемесіне тапсырыс алған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына қажетті соқалар мен тырмаларға өзге де техникаларға қажетті қосалқы бөлшектерді жасау үшін шетелден әкелінген қондырғылардың пайдасы зор.
Зауыт басшысының айтуынша, алдағы уақытта тағы он адамды жұмысқа қабылдап, тіркемелер санын арттыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта шағын зауыттың арқасында өңірдегі ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеуден өткізіп, ескілерін қайта қалпына келтіруге болады.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚХР-ға теміржол арқылы жүк экспорты 21 пайызға өсті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Ресей үш көмір ЖЭО салады
Үш облыс орталығында - Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО іске асыру энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді", - деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанға бидайды әкелуге тыйым салу ұзартылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,75 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚР Энергетика министрлігі шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынының бағасын өзгертеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Өзбекстан Инвестициялар портфелі 2,5 млрд доллардан асатын 60 жобаны бірлесіп іске асыруда
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
19.04.2024, 11:11Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді 19.04.2024, 10:43 2916Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды19.04.2024, 11:03 2586Алматыда "Алматы-1" базарын жаңғырту қолға алынған19.04.2024, 10:39 1376Су тасқыны салдарынан эвакуацияланғандар саны 118 мыңнан асты19.04.2024, 10:51 1071Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік "Алматы Су" мекемесінің бас директорының орынбасарын ұстады
12.04.2024, 13:37 86241Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі12.04.2024, 16:41 85286Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді12.04.2024, 15:45 84501Әскери билеттер цифрлық форматқа ауыстырылды17.04.2024, 15:25 51731Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған цифрлық құралдар әзірленді17.04.2024, 15:31 51536Ұлттық Ғылым академиясының құқықтық мәртебесі Қазақстанда заң жүзінде бекітіледі
20.03.2024, 21:43 133241Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді04.04.2024, 16:35 120676Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды20.03.2024, 12:12 120671ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты04.04.2024, 16:30 120461Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады20.03.2024, 12:19 120221Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді