13.09.2019, 13:57 4495

Түркістан облысы Ордабасы ауданының 55 жылдығы аясында аудан орталығы Темірланда газ жүйесі іске қосылды

2023-жылға дейін Ордабасы ауданын 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етуге тиісті жұмыстар атқарылуда.

Түркістан. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Ордабасы ауданының 55 жылдығы аясында аудан орталығы Темірланда газ жүйесі іске қосылды. Аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы темірландықтарды қуанышымен құттықтап, алдағы уақытта аудан толығымен газбен қамтамасыз етілетінін айтты. Аудандық, Қажымұқан ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары Т.Әбдіқайымұлы мен І.Жүсіп газ жүйесін кіргізуге атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын жеткізді. Бұдан соң аудан басшысы Жақсылық Ергешовтың отбасында болып, газға оттық жақты. Бүгінге дейін көгілдір отынды аудан халқының 8,2 пайызы ғана тұтынып келген. 5 елді мекеннің тұрғындары атап айтсақ, Қайнар, Ынтымақ, Ұялыжар, Теспе, Ықыластемір елді мекендері және Бадам ауылының бір бөлігі кәсіпкерлер есебінен табиғи газбен қамтылған болатын. Енді темірландықтардың көкейіндегі ең күрмеулі мәселе шешімін тауып, газ құбыры пайдалануға берілді. Темірлан ауылында 4722 абонент табиғи газ құбырына қосылуға мүмкіндік алды. Бұл аудан тұрғындарының 18,5 пайызы. Қажымұқан ауылы табиғи газ жүйесінің құрлыс-монтаж жұмыстарына 2019 жылға облыстық бюджеттен 100 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда 10,5 шақырым газ құбыры орнатылған.

2023-жылға дейін Ордабасы ауданын 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етуге тиісті жұмыстар атқарылуда.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны