31.01.2019, 14:50 13117

Түркістан облысында өткен жылы 387,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұдан өзге, ағымдағы жылы мемлекеттік қаржыландырудың барлық көздері арқылы 186 көпқабатты тұрғын үйдің (466,2 мың шаршы метр, 6721 пәтер) құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде биыл 82 көпқабатты тұрғын үй (211,6 мың шаршы метр 3133 пәтер) пайдалануға тапсырылады деп жоспарлануда.

Түркістан. 31 қаңтар. Kazakhstan Today - Түркістан облысында өткен жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы 387,8 мың шаршы метр тұрғын үй (3003 пәтер) пайдалануға берілді. 2017 жылдың жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 21,7 пайызға ұлғайып отыр. Ал мемлекеттік бюджет есебінен 171,8 мың шаршы метр арендалық тұрғын үйлердің (2509 пәтер, 74 тұрғын үй) құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 30,6 мың шаршы метр (500 пәтер, 35 тұрғын үй) пайдалануға тапсырылған.

Бұдан өзге, ағымдағы жылы мемлекеттік қаржыландырудың барлық көздері арқылы 186 көпқабатты тұрғын үйдің (466,2 мың шаршы метр, 6721 пәтер) құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде биыл 82 көпқабатты тұрғын үй (211,6 мың шаршы метр 3133 пәтер) пайдалануға тапсырылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктерінің елді мекендерінде 1715 жеке тұрғын үйдің (239,8 мың шаршы метр) құрылысын салып, пайдалануға тапсыру көзделуде. Жыл қорытындысымен 451,4 мың шаршы метрге (4848 пәтер) жетпек.

Сондай-ақ, өткен жылы облыс орталығы Түркістан қаласында "ӘКК Түркістан" АҚ-ы және жеке салушылар арқылы 6 көпқабатты кредиттік тұрғын үйлердің (336 пәтер, 26,1 мың шаршы метр) құрылысы басталды. 2019 жылдың 3-тоқсанында осы үйлер пайдалануға тапсырылып, барлық пәтерлер "7-20-25" бағдарламасы арқылы халыққа ұсынылады.

Түркістан қаласындағы Отырар мөлтекауданында жалпы аумағы 38 гектар құрайтын "Түркістан-жаңа қала" тұрғын үй кешендерінде кредиттік 88 (2724 пәтер, 196,3 мың шаршы метр) көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны