23.05.2019, 18:01 12456

Түркістанда тұңғыш рет халықаралық әуежай салынбақ

Халықаралық әуежай Түркістан қаласынан 16 км қашықтықта орналасқан. 900 гектар аумақта терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу жоспарланып отыр.

Түркістан. 23 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістандағы іссапары барысында облыс орталығында бой көтеретін халықаралық әуежайдың іргетасын қаланды. Оған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және БАҚ өкілдері қатысты.

Асқар Мамин халықаралақ әуежайдың іргетасы қалануымен құттықтап, халықаралық маңызы бар нысанның уақытылы пайдалануға беру қажеттігін айтты.

Өз кезегінде компания басшысы Арслан Хусейн Үкімет басшысына терминалдың халықаралық және ішкі рейстерде сағатына 250 адам қабылдауға қауқарлы екендігін жеткізді.

Түркістан қаласындағы жаңа әуежайдың құрылысын түркиялық инвесторлар жүргізеді. Салатын мердігер мекеме туркиялық "ИДА ИНШААТ САНАЙИ ВЕ ТИДЖАРЕТ АНОНИМ ШИРКЕТИ" (YDA IN?AAT SANAYI VE TICARET ANONIM ?IRKETI).Халықаралық әуежай Түркістан қаласынан 16 км қашықтықта орналасқан. 900 гектар аумақта терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу жоспарланып отыр. Халықаралық әуежай 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Айта кетейік, облыс орталығында тұңғыш рет халықаралық әуежай салынбақ. Әуежайдың құрылысына ең үздік қазақстандық және шетелдік сарапшылар тартылатын болады. Құрылыс индустриясының жаңа жетістіктерін пайдалану жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны