31.05.2019, 14:07 12714

Түркістанда туристерге арналған жеңіл теміржол пойызын құрастыру мақсатында нарықты тексеру үшін қытайлық компания өкілдері келді

Алдағы үш күн бойы қытайлық сарапшылар пойыздың жүру бағыты бойынша жолдарды, стансаларды және инфрақұрылымдарды егжей-тегжейіне дейін саралайтын болады.

Түркістан. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен қытайлық "BYD" компания өкілдері арасында кездесу өтті. Шетелдік компания Түркістанда туристерге арналған жеңіл теміржол пойызын құрастыру мақсатында жергілікті мекенді зерттеуге келді. Алдағы үш күн бойы қытайлық сарапшылар пойыздың жүру бағыты бойынша жолдарды, стансаларды және инфрақұрылымдарды егжей-тегжейіне дейін саралайтын болады.

Еске сала кетейік, бұл іссапар - Түркістан облысы әкімдігі мен "BYD" компаниясы арасында бұрынырақ қол жеткізілген келісімдердің іске асырылуының айғағы.

"BYD" - жоғары технологиялық компания, ҚХР-дағы жеңіл теміржол көліктерін және электрлі вагондар жасау бойынша ең ірі өндіруші. 1995 жылы құрылған. Қызметкерлер саны - 240 мың адам. "BYD" компаниясы электроника, автокөліктер, жаңа энергетика және теміржол транзиті салалары бойынша 30-дан астам индустриялық парктерге ие. "BYD" компаниясы Гонконг және Шэньчжэньнің қор биржаларында тіркелген. Кірістер мен нарықтық капиталдандыру 15 млн. АҚШ долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны