28.05.2020, 15:37 6402

Табиғи монополияларды реттеу комитеті "ҚазТрансОйл" АҚ-ы үшін электр энергиясын беру қызметіне тарифтер келісті

Табиғи монополия субъектісі табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес, уәкілетті органның келісімі бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді дербес төмендетуге құқығы бар екенін атап өту қажет

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті "ҚазТрансОйл" АҚ-ы үшін электр энергиясын беру қызметіне тарифтер келісті.

Бұдан бұрын, Комитетке Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес электр энергиясын беру қызметіне тарифтерді төмендету жағына келісу қатысты "ҚазТрансОйл" АҚ-ның хаты келіп түсті.

Табиғи монополия субъектісі табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес, уәкілетті органның келісімі бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді дербес төмендетуге құқығы бар екенін атап өту қажет, бұл жағдайда "ҚазТрансОйл" АҚ-ы осылай жасады.

Осылайша, Комитет ағымдағы жылдың 25 мамырында субъектінің хатын қарау аясында электр энергиясын беру қызметіне тарифтерді төмендетуге тоғыз мұнай құбыры басқармасы үшін келісті (Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Құлсары, Маңғыстау, Павлодар, Шымкент, Павлодар мұнай құбыры басқармасының Петерфельд желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы). Орташа төмендеу деңгейі 6,56 %-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны