15.04.2009, 15:50 3424

Табиғи монополия субъектілерінің әкімшілік шығындары төмендетіледі - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Табиғи монополия субъектілерінің әкімшілік шығындары төмендетіледі - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Табиғи монополия субъектілерінің әкімшілік шығындары төмендетіледі. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов бүгін мемлекет басшысының жолдауында белгіленген мақсат-міндеттерді түсіндіруге бағытталған алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, агенттік бекіту немесе келісу кезінде әкімшілік шығындарды оңтайландыру жұмыстарын одан әрі жалғастырады: табиғи монополия субъектілерінің қызметкерлерінің нормативтік саны, соның ішінде әкімшілік-басқарушы қызметкерлердің саны; мемлекеттің қатысуымен құрылған табиғи монополия субъектілерінің басқарушы қызметкерлерінің еңбекақысының шектеулі деңгейі; мемлекеттің қатысуымен құрылған табиғи монополия субъектілерінің штат саны қысқартылады.

"Тек өткен жылы табиғи монополия субъектілерінің басқарушы қызметкерлерінің еңбекақысының шектеулі деңгейін 2,8 есе қысқартуға шара қолданылды (1120 мың теңгеден 396 мың теңгеге дейін). Сонымен біруақытта нормативтік шығындар деңгейін төмендету ағымын одан әрі жалғастырамыз. Нәтижесінде шығындар түрлі салаларда жылына 1,1%-дан 1,9% дейін кеміді", - деді мекеме басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны