11.03.2008, 15:26 3215

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бірқатар жаңа энергетикалық кәсіпорындарды монополистердің мемлекеттік реестріне енгізуді ұсынады

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бірқатар жаңа энергетикалық кәсіпорындарды монополистердің мемлекеттік реестріне енгізуді ұсынады

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бірқатар жаңа энергетикалық кәсіпорындарды монополистердің мемлекеттік реестріне енгізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Электр қуатын өндіру және сату рыногына жүргізілген талдау нәтижесінде бұған дейін мемлекеттік реестрге енгізілмеген кейбір доминант-субьектілер анықталды", - деді Н. Алдабергенов.

Оның айтуынша, бұл жерде әңгіме Екібастұздағы 1-ші ГРЭС туралы болып отыр, оның доминанттық үлесі Астанада 16%, Ақмола облысында - 28%, Қарағанды облысында - 20%, Қостанай облысында - 16% құрайды.

"Ақсу ГРЭС-і Ақмола облысында рыноктың 36%-ын иемденсе, Қостанай облысында - 43%-ын иемденеді, Қостанай облысындағы рыноктың тағы 26%-ы Екібастұздағы 2-ші ГРЭС үлесінде", -деді агенттік төрағасы. Оның пікірінше, Жамбыл ГРЭС-і де еліміздің екі аймағында басым мүмкіндікке ие: Оңтүстік Қазақстан облысында (42%) және Жамбыл облысында (18%). "Бұл кәсіпорындарды монополистердің реестріне енгізу қажет", - деді Н. Алдабергенов.

Өз кезегінде Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев: "бұл кәсіпорындар әлі де зерттеледі және олардың нарықтағы басымдығы расталып жатса, біз оларды реестрге енгіземіз",- деп мәлімдеді. "Бұл жерде оларды реестрге енгізгеннен кейін не істеу керек деген сұрақ туады", - деді ол.

М. Есенбаевтың түсіндіруінше, қазіргі жағдаймен Қазақстанда трейдерлердің қатысуынсыз доминанттарды айқындауға мүмкіндік беретін нормативтік база қалыптаспаған. "Егер олар өздерінің реестрге қамтылу жайына қатысты сотта дауласа бастаса - ал олардың шағымданатыны сөзсіз - көп жағдайда олардыкі дұрыс болып шығады", - деді М.Есенбаев.

Бұдан басқа, энергетикалық рынок субьектілерін монополистер реестірен енгізу олардан өз өнімдерінің бағасын келісу міндеттемесін талап ететінін ол түсіндіріп өтті. "Бірақ егер өздеріне белгіленген бағаға бағынбайтын болса, олар ешқандай жауапкершілік жүктемейді. Яғни, бұл реестрде болу олардың өз бағасын автоматты түрде бізбен келісетін болатындығын білдірмейді", -деді Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы .

"Біз оларды монополиялық жоғары деңгейде баға белгілеу жағдайы анықталғанда ғана жазалай аламыз, бірақ дегенмен, оны белгілеуге қатысты дұрыс аргумент әлі күнге дейін жоқ", - деді М. Есенбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны