16.07.2007, 15:22 3167

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Қазақстандағы Аймақтық энергия таратушы компаниялар қор биржасына шығуға тиіс деп санайды

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Аймақтық энергия таратушы компаниялар қаржы нарығына шығуға тиіс деп санайды. Бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында агенттік басшысы осындай пікір білдірді , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгінгі жағдаймен бір ғана Аймақтық энергия таратушы компания - "Павлодарэнергосервис" - қор биржасына шығып отыр. Ал көршілес Ресейдің тәжірибесіне сүйенсек, Аймақтық энергия таратушы компаниялар осындай жолмен тарифті көтермей-ақ қосымша қаржы тарта алады, соның ішінде өз иелігіндегі жабдықтарды жаңалау мен амортизациялық мақсататрға да қаржы таба алады", - деді Б. Сағынтаев.

Оған республика үкімет басшысы РК Кәрім Мәсімов қолдау білдірді. "Бұл еліміздің Қаржы министрлігі күш салатын бір міндет. Сол арқылы министрлік Аймақтық энергия таратушы компаниялардың қор биржасына шығуына септігін тигізе алады", - деді ол қаржы министрі Наталья Коржоваға қаратып айтқан сөзінде.

Сонымен бірге, Б. Сағынтаев Аймақтық энергия таратушы компаниялардың инвестициялық бағдарламаларды бекітудегі сылбырлығын атады. "Қазіргі жағдаймен еліміздегі энергия таратушы компаниялардан бар-жоғы бесеуінде ғана агенттікпен келісіліп бекітілген инвестициялық бағдарламалары бар. Ал біз өз кезегімізде осындай бағдарламаларды бекіту жолындағы барлық бюрократиялық кедергілерді жойып, процесті мейлінше жеңілдеттік", - деді агенттік басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 2-шілдесінде ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі табиғи монополия субьектілерінің іс-қызметін реттеудің "ынталандырушы тәсілдеріне" көшкенін мәлімдеген. "Табиғи монополия субьектілерінде күрделі қаржы жұмсауға қажетті қосымша көздер пайда болады, бұл өз кезегінде тозығы жеткен активтерді жаңғырту мен жаңалауға сөзсіз түрткі болатыны анық", - деді Б.Сағынтаев. Осыған байланысты "Табиғи монополиялар туралы" заңға және орта- және ұзақ мерзімді тарифтерді бекіту ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілді. Б.Сағынтаевтың айтуынша, бұл өзгерістер "тарифті бекітуге берілетін өтінішке қоса тапсырылатын құжаттардың саны анағұрлым азайтуға септігін тигізіп, ендігі жерде "өтініш иесіне инвестициялық бағдарламасының болуы жөніндегі жалғыз талап қойылмақшы".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны