02.06.2008, 14:47 2835

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті Павлодарда электр құнының алдағы қымбаттауы негізсіз деп мәлімдеді

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті Павлодарда электр құнының алдағы қымбаттауы негізсіз деп мәлімдеді

Павлодар. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті Павлодарда электр құнының алдағы қымбаттауы негізсіз деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Павлодарға қуат беруші компания "Энергоцентр" бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты электр қуатының құны 1 маусымнан бастап 7%-ға көтерілетінін хабарлаған. Сөйтіп, ҚҚС қоса есептегенде, Екібастұз өңірінен басқа өңірлердегі тұтынушылар үшін тариф 1 киловатт үшін бұрынғы 5,46 теңгенің орнына 5,84 теңге болмақ.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Павлодар облыстық департаментінің директоры Қайыргелді Төлендиновтың Қазақстан Бүгін агенттігінің тілшісіне берген сұхбатына сәйкес мекеме "Энергоцентр" АҚ-ның атына тарифтерді көтерумен келіспейтіндігін айтып қорытынды жолдаған.

"Біз өз қорытындымызға сәйкес энергетиктерді аталған қымбаттатудың негізсіздігін, сол себепті тариф ресми түрде күшіне енді деп айту ерте екенін ескерттік", -деді Қ.Төлендинов.

"Энергетиктер біздің нұсқауымызға құлақ аса ма, жоқ па, ол жағы олардың еркінде, бірақ егер олар тарифті көтеретін болса, одан әрі бұл жағдаймен Бәсекелестікті қорғау агенттігінің аймақаралық инспециясында істейтін біздің әріптестеріміз айналысатын болады", - деді Қ. Төлендинов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жылдың басында "Энергоцентр"АҚ электр қуатының құны 5,6%-ға өсетінін мәлімдеген. Алайда, сол кезде өтінішті қарап, мамандардың қорытындысын алғаннан кейін тариф көтерілмей қалған.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Павлодар облыстық департаментінің мәліметінше, "Энергоцентр" АҚ электр қуатын 4 кәсіпорыннан алады: "Павлодарэнерго" АҚ, оның құрамына Павлодардағы 2-ші және 3-ші ЖЭО кіреді; "Севказэнерго Петропавловск" АҚ, "AES Екібастұз" ЖШС (Екібастұз ГРЭС-1) және "ЕЭК" АҚ (Ақсу ЖЭС).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны