16.01.2008, 16:34 2828

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік коммуналдық салалардағы монополист кәсіпорындарда нормативтік-техникалық шығындарды төмендету жөніндегі бағдарламаны міндетті түрде енгізуді қолдайды

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік коммуналдық салалардағы монополист кәсіпорындарда нормативтік-техникалық шығындарды төмендету жөніндегі бағдарламаны міндетті түрде енгізуді қолдайды

Астана. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік, монополистердің коммуналдық тарифтерді бекітуге өтініш беру барысында нормативтік-техникалық шығындарды төмендету жөніндегі бағдарламаны ұсыну талабын енгізуді ұсынады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік төрағасы Нұрлан Алдабергенов мемлекеттік реттеу және тарифтерді құру жүйесін жетілдіру жөніндегі форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Агенттік нормативтік техникалық шығындарды төмендетуге бағытталған іс-шараларға қатысты, соның ішінде тарифтерді бекітуге өтініш беру барысындағы инвестициялық бағдарламаларда талаптар енгізуді ұсынады",- деді Н. Алдабергенов. "Егер кәсіпорын тарифтерді көтермек болса, онда оларда шығындарды жоюға бағытталған бағдарлама болуға тиіс және де бұл міндетті түрде. Егер біз мұны жасамасақ, онда тарифтерді көтеру мәселесі біздің алдымыздан қайта қайта шыға бермек, ал кәсіпорын тұтынушылардың төлеп отырған ақшаларын жоғалтуын жалғастыра береді, бұл жөндеу жұмыстарына да, құрал-жабдықтарды ауыстыруға да пайдаланылмайтын болады",- деп атап өтті Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің басшысы.

Ол, "жақын уақытта тиісті нұсқамаларға өзгерістер енгізіп, осы талапты енгізу жоспарлануда" деп атап өтті.

Сонымен қатар, Н. Алдабергеновтың айтуынша, агенттік "үш жылдық нормативтік шығындардың деңгейін белгілеуге және оларды осы мерзім өткеннен кейін белгілі бір мөлшерге автоматты түрде төмендетуге" мүмкіндік беретін заң нормаларын бекітуді ұсынады. "Бұл кәсіпорындардың ішкі резервтерін мобилизациялауға және оларды өндірістік активтерді жаңартуға мүмкіндік береді",- деп санайды ол. "Яғни, біз Еуропадағы көшбасшы елдердің тәжірибелеріне сүйеніп, нормативтік шығындар шегін заңды тұрғыдан белгілеуді және 3 - 5 жылдан кейін оларды тариф есебінен шығаруды ұсынамыз",- деп түсіндіріп өтті агенттік төрағасы.

"Аталмыш шараларды енгізу тарифтерді төмендетіп, табиғи монополия кәсіпорындарының қызметінің тиімділігін арттыруға көмектеседі", - деп атап көрсетті Н. Алдабергенов.

Жалпы алғанда, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда республиканың су шаруашылығының жүйелеріндегі нормативті техникалық шығын деңгейі 60%, электр желілеріндегі электр қуатының нормативтік шығын деңгейі 22, жылу желілерінде - 33% дейін жетеді. Тек қана нормативтік шығындардың орнын толтыруға жұмсалатын қаржы тарифтің 50% дейін алады. Оңтайландырып, модернизацияға жіберілуі тиіс қаражат міне осы", - деп атап көрсетті Н. Алдабергенов.

Монополияға қарсы агенттік басшысы қуат үнемдеуге бағытталған маңызды құрамдас бөлік есептегіш құралдарды орнату екендігін атап көрсетті. Ол "Табиғи монополия туралы" заңға сәйкес, табиғи монополия субъектілері барлық тұтынушыларға есептегіш құралдарды 2009 жылдың 1-қаңтарынан кешіктірмей орнатуы тиіс екендігін еске салды.

"Есептегіш құралдарды орнату өз деңгейінде жүргізілуде. Алайда, бұл жұмыстың қарқынын арттыру қажет", - деді Н. Алдабергенов.

Оның айтуынша, 2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, суық судың есептегіш құралдармен жабдықталуы 58,3%, ыстық су - 57,7%, жылу қуаты - 14%. "Мысал үшін айтсақ, есептегіш құралдарды орнату кезінде суық су мен ыстық суды үнемдеу 40% дейін, жылу бойынша - 20% дейін жетеді екен", - деп атап көрсетті Н. Алдабергенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны