14.02.2008, 17:56 3044

Табиғи монополияны реттеу агенттігі "Алматы Пауэр Консолидэйтед" АҚ іс-қызметінен заң бұзушылықтарды анықтады

Табиғи монополияны реттеу агенттігі "Алматы Пауэр Консолидэйтед" АҚ іс-қызметінен заң бұзушылықтарды анықтады

Астана. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Табиғи монополияны реттеу агенттігі "Алматы Пауэр Консолидэйтед" АҚ іс-қызметінен заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Табиғи монополияны реттеу агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстанның Табиғи монополияны реттеу агенттігі "Алматы Пауэр Консолидэйтед" АҚ іс-қызметіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заң нормаларын сақтауға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. АҚ ұсынған материалдарын тексеру барысында Агенттік Қосымша қуат көздерін қосу ережесінің бұзылғандығын анықтады",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Агенттік таратқан баспасөз баянында, көрсетілген Ереже "қосымша қуат көздерін қосу және электр энергетикалық құрылғы нысандарын қайта құру және кеңейту үшін шыққан шығындардың орнын толтыру тәртібін анықтайтындығы" түсіндірілген.

Табиғи монополияны реттеу агенттігі қызметкерлерінің пайымдауынша, Алматы облысындағы тұтынушылармен заңсыз төлем төлетуге қатысты жасалған келісім-шарттың жалпы сомасы 131 млн теңгені құраған. "Агенттік тексеру нәтижесі бойынша табиғи монополия туралы заң нормаларын бұзу дереген жойып, 2008 жылдың 20-ақпанына дейін ақша қаражатты қайтару туралы нұсқама шығарды",- деп айтылған баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны