20.10.2015, 17:26 4100

Табыс салығыныӊ орнына бөлшек салығы енгізілуі мүмкін

Бүгін кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеӊестіӊ кезекті отырысы болып өтті. Шара барысында бөлшек салықты енгізу жобасы талқыланды, деп хабарлады "Нұр Отан" партиясыныӊ ресми сайты

Астана. 20 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеӊестіӊ кезекті отырысы болып өтті. Шара барысында бөлшек салықты енгізу жобасы талқыланды, деп хабарлады "Нұр Отан" партиясыныӊ ресми сайты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, Кеӊес мүшесі Олжас Құдайбергенов қосылған құн салығы мен корпоративті табыс салығыныӊ орнына бөлшек салығын енгізуді ұсынды. Яғни, егер табыс қолма-қол ақша тәсілімен алынса, салық мөлшерлемесі 12%, қолма-қол ақшасыз тәсілімен алынса, мөлшерлеме 7%, ал табыс онлайн дүкендер арқылы алынса, 5% ды құрайды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Отырыс барысында әлемдік экономикадағы түбегейлі жағымсыз өзгерістердіӊ талдауы ЖЭС принциптеріне өту және оларды қолданысқа енгізу арқылы қайта өзгертулер мен реформалар енгізу қажеттігін анық көрсетті деген ойлар айтылды. Қазіргі уақытта Елбасы, партия Төрағасы Н.И.Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша Үкіметпен қазақстандық кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі ауқымды жұмыстар жасалды. Бизнес үшін жаӊа қолайлы жағдай жасау жөніндегі тәсілдердіӊ өзгеруі жиі орын алуда. Осы мәселелерді зерттеу орын алған себептерді қайта ойластыруға назар аударып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді талап етеді. Бұл жерде шағын және орта бизнес пен оныӊ әлеуетін арттыру мәселесі айрықша орынға ие,сондай-ақ оныӊ ел дамуына қосатын үлесін арттыру басты ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларға тәкелей тәуелді болып келеді.

"Еркін теӊге бағамына өту және ол туралы шешім қабылдау бағамныӊ нарықтыӊ сұранысы мен ұсынысы негізінде құралу тәсілдерінен шыққан. Үкімет құрылымдық реформаларды қарқынды жүргізіп келеді, алайда ШОБ-тыӊ қазіргі хал-жағдайы мен экономикалық алғышарттар қолданылатын шаралардыӊ мұқият талданып, өзгертілуін талап етеді", - деп атап өтті Кеӊес төрайымы Айгүл Соловьева отырыс барысында сөйлеген сөзінде.

Ұсынылып отырған салық режимі жеке тұлғалардыӊ тапқан табыстарына, жекелеген саудамен айналысатын кәсіпорындарға, қоғамдық тамақтану мен қызмет көрсету саласына таралады.

Бөлшек салығын енгізу елдегі қолма-қол ақша көлемініӊ ауқымын азайтуға мүмкіндік береді, тұрғындардыӊ қаржыларын банк секторына қосымша тартады, көлеӊкелі бизнестіӊ мөлшерін айтарлықтай азайтады, бұл өз кезегінде бюджеттегі салықтық түсімге жақсы әсерін тигізеді. Жалпы Кеӊес мүшелері бөлшек салығын енгізуді қолдады, сонымен бірге оны іске асырудыӊ механизмін егжей-тегжейлі пысықтау ұсынылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны